• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 06 Наурыз, 2019

Универсиада-2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды

1008 рет
көрсетілді

Ресейдің Красноярск қаласындағы Универсиада ойындарында шорт-трекшілер жарысы жалғасуда. Кеше ерлер мен әйелдер 500 метрге жарысудан бақ сынады деп жазады Olympic.kz. 

Қыздар арасында қазақстандық Яна Хан 13-ші, Әлия Әмірғалиева 22-ші, Хадиша Бақыткереева 23-ші орында. Бұл сында үздік үштікті Франция, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. 

Ерлерден сынға түскен Денис Никиша бесінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Бейсеев 19-шы, Евгений Ребик 21-ші сатыда. 

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті.