Үкіметтегі бірқатар өзгеріс туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-Министрдің өкімімен ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды.
Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.