Кептелісті азайту үшін өткізу пунктіне қосымша қызметкерлер көмекке келді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылы 12 наурызда шамамен сағат 10.00-де Түркістан облысы бойынша МКД-нің «Қазығұрт» кеден бекетінде, тауарларды экспорттау кезінде олардың кетуін растау бөлігінде «АСТАНА-1» АЖ ішінара жұмыс жасаған жоқ. Модулдің жұмыс жасамау себебі, байланыс желісінің тұрақты іске қосылмауы болып табылады.
Осыған байланысты, 12.03.2019 жылғы сағат 18.00-де өткізу пунктінің алдында 180 бірлікте автокөлік құралдары топталып қалды.
Сағат 18.30-дан бастап ақпараттық жүйе штаттық жүйеде жұмыс істей бастады.
Кептелісті азайту үшін өткізу пунктінде қосымша қызметкерлер көмекке келді және шығу бағытында автокөлік құралдарынан 167-ден астамы рәсімделді. Тасымалдаушылармен консультативтік жұмыстар жүргізілді және басқа да кептелісі жоқ өткізу пункттерінен өтуге жолдау жүзеге асырылды.
13.03.2019 жылғы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанға өтуге келген автокөліктерді ескере отырып, 90 бірлікте автокөлік құралдары кезек күтуде.
Кезектерді болдырмау мақсатында қарашадан бастап күнсайын сағат 9.00-ден бастап және сағат 21.00-де тасымалдау бағытын таңдау үшін өткізу пункттері алдында тұрған көлік құралдарының саны туралы ақпараттар Түркістан облысы бойынша МКД-нің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сондай-ақ қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Түркістан облысының Әкімшілігі бірлесіп тасымалдаушыларға ыңғайлы болуы үшін осыған ұқсас кептелістер туындаған кезде өткізу пункттеріне жақын тұрақтар ұйымдастыру және жайластыру мәселесі пысықталуда.