• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Наурыз, 2019

Павлодарда «ПХБК» ЖШС нан бағасын 90 теңгеге жеткізген

1055 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен  қалалар мен аудан әкімдерімен кеңесте өңірдегі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

Облыс орталығындағы 19 азық-түліктің 17-сінің бағасы жалпы республикалық орташа бағадан төмен. Бірақ, нанның бағасы өсуде.

Облыстық Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мәліметінше, сондықтан, өңірдегі нан өндіруші кәсіпорындарды кәсіпкерлік және әкімшілік кодексті бұзғандары үшін жауапкершілікке тартылуы да мүмкін. Егер кәсіпорындардың бағаны келісіммен көтергені дәлелденсе, оларға жалпы кіріс көлемінің 3-5 пайызы мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің айтуынша, облыс  орталығында нанның бағасы 75-85 теңге шамасында.  Ал, қаладағы «Нан тоқаш комбинаты» ЖШС-інен басқасы нан бағасына байланысты жасалатын екі жақты келіссөз жүргізген.

Сонымен бірге, Ақтоғай ауданында күріш бағасы 275 теңгеге, Шарбақты ауданында қарақұмық жармасы 160 теңгеге жеткен. Болат Бақауов азық-түлік бағасына бақылау жасай алмаған әкімдерге қатысты тәртіптік жаза қолдануды тапсырды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР