• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2019

Көңілдерді сергіткен «Көктем симфониясы»

878 рет
көрсетілді

Көктем – мейірім маусымы. Табиғатпен бірге көктеп, қайта түлеген адам көңілі де жақсылық жасап, айналасын қуантуға ерекше пейіл беріп тұратыны бар. Мұндайда, әсіресе көңілі жарым жандарды қуантудан артық сауапты іс болмаса керек. Астанадағы Ұлттық музейде өткен «Көктем симфониясы» атты жас шеберлердің мүсіндері мен қолдан жасалған бұйымдарының көрмесі соның айғағы.

Аталмыш іс-шара Ұлыс­тың ұлы күні Наурыз мере­кесіне орай «Мейірім» әлеу­меттік жобасы аясында ұйым­дастырылды. Көрменің ашылуына Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясының зағип және нашар еститін оқушылары мен тифлопедагог Сәуле Са­ғымбаева қатысты. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды музейлік білім беру кеңістігі арқылы еліміздің мә­дени құндылықтарымен таныстырып, дүниетанымын кеңейту әрі шығармашылық қа­білеттерін дамытуды мақ­сат тұтқан шараға отан­дық белгілі мүсіншілердің Нау­­рыз тақырыбындағы жұ­­мыс­­тарымен бірге №10 мектеп-гимназиясы оқу­шы­ларының қолдан жасаған бұ­йымдары қойылды. Атап айтар болсақ, Марат Ғаб­драхмановтың «Жа­уынгер», Валерия Пирож­кованың «Бүркітші», Анатолия Посядоның «Табында», Ас­гат Динекеевтің «Әуен», Рыс­бек Ахметовтің «Немере», фран­ко-хорват суретшісі, мүсінші Ясенка Тучан Вайан­ның «Көктем келді» ат­ты мүсіндерінің  қатарын аталған мек­теп оқушыларының «Нау­рыз келді», «Қызғалдақ – көк­тем хабаршысы», «Бұл ме­нің киіз үйім», «Көктемнің бас­ты мейрамы» сынды бір­қатар жұмыстары  толық­тырды. Балдырғандар көрме жәдігерлерінің жанында тұ­рып Абай Құнанбайұлының «Қан­сонарда бүркітші шы­ғады аңға», «Жазғытұры» өлеңдерін оқып, Ернұр Тұр­маханбетов,  Елизавета Хиж­нях бастаған та­лантты балалар «Менің Қа­зақстаным», «Атамекен», «Нау­рыз келді» ән­дерін шырқады.  

Еңбегі ел алдына қойыл­ғанына ерекше қуанып, жүз­дері бал-бұл жанған бал­дыр­ғандар жанарына қонған қуа­ныштан ол бақыттың ұш­қынын сезіну қиын емес еді.

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Egemen Qazaqstan»