• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2012

Шарайна

313 рет
көрсетілді

Шарайна

Сәрсенбі, 4 шілде 2012 7:39

Бюджетін «кесуге» кеңес берді

Франциядағы социалистер үкіметіне бюджетті ре­кор­дтық қысқартуқажет болады, яғни министрлер кабинеті 2013 жылы бюджеттіңшығыс бөлігін 33 миллиард еуроға қысқартуы тиіс. Сонда ғана ІЖӨтап­шылығын 3 пайызға дейін төмендету міндетін орындау мүмкінболмақ.

 

Сәрсенбі, 4 шілде 2012 7:39

Бюджетін «кесуге» кеңес берді

Франциядағы социалистер үкіметіне бюджетті ре­кор­дтық қысқартуқажет болады, яғни министрлер кабинеті 2013 жылы бюджеттіңшығыс бөлігін 33 миллиард еуроға қысқартуы тиіс. Сонда ғана ІЖӨтап­шылығын 3 пайызға дейін төмендету міндетін орындау мүмкінболмақ.

Мұндай қорытындыға Франция есеп палатасының аудиторлары келіп отыр. Олар өздерінің есебін жаңа президент Франсуа Олландқа ұсынған еді. Палата төрағасы Дидье Нигоның айтуынша, 2013 жыл бюджетті теңестіру үдерісі үшін шешуші жыл болады.  Қысқасы, 2012 жылдың өзінде-ақ   мемлекеттің қарыз көлемі ІЖӨ-нің 90 пайызына жетуі ықтимал делініп отыр. Сөйтіп, болашақта Франция Италия мен Испанияның кебін киюі ықтимал.

 

Дағдарыстың келесі құрбаны кім?

Словения ЕО-ның қаржылай көмегі қажет болатын еуроаймақтағы6-шы ел атануы ықтимал. Мұндай болжамды Еуропаның сарапшыларыжасады. Әзірше, елдегі аса ірі Nova Ljubljanska Banka  банкін үкіметтіңөзі құтқа­руы­на тура келді.

Маусым айында Словениядағы мемлекеттік облигация­лардың ставкасы жарты жылдық максимумға дейін секіріп кетті. Сөйтіп, ел рецессия шегінде қалды. Сарапшылар елдің үстіміздегі жылғы ІЖӨ-сі 2 пайызға дейін қысқаруы тиіс деген қорытынды шығарып отыр. Ал, жоғарыда аталған банкте рекапитализация жасау үшін 381 миллион еуро қажет болса, бұл – Словения ауқымы бойынша аса ірі сома болып табылады.

 

Әскери экспорт екі еселенеді

АҚШ-тың 2012 қаржы жылындағы әскери экспор­тының көлемірекордты 60 миллиард долларға жетуі ықтимал. Бұл жөнінде АҚШқорғаныс министрінің өкілі Ричард Дженейл мәлімдеді.

Пентагон өкілінің сөзіне қарағанда, әскери экспорттың рекордтық өсімі Сауд Арабиясы  әскери-әуе күштеріне жалпы құны 29,4 миллиард доллар тұратын 84 Ғ-15 жойғыш ұшақтарын сатуға негізделіп отыр. Сонымен қатар,  70 ұшақ қайтадан жаңғыртылмақ. Бұдан бөлек, Жапония 10 мил­лиард долларға 42 Ғ-35 жойғыш ұшағын сатып алуы ықтимал көрінеді. Ал Ресей үстіміздегі жылы экспортқа  13,5 миллиард доллардың қару-жарағы мен әскери техникасын шығармақ.

 

Патшайым отбасы «қымбаттай» түсті

Букингем сарайының жыл са­йын­ғы баяндамасына сәйкесжария­лан­ған деректе корольдік отбасын ұс­тап тұру үшінжұмсалатын сома өт­кен қаржы жылы 200 мың фунт стерлингкеұлғай­ғаны көлденең тартылады.

Сөйтіп, 2010/11 қаржы жылы  король отбасы мүшеле­рінің қажеттіліктері үшін салық төлеушілер 32,3 миллион фунт стерлинг (шамамен 50 миллион доллар) шығындаған. Бұл шығынның оның алдын­дағы қаржы жылымен салыстырғанда 0,6 пайызға кө­бейгенін көрсетеді. Мәселен, король отбасы мүшелерінің сая­хаттары 100 мың фунтқа өсіп, 6,1 миллион фунтты құраған.

 

Медведев Курил аралдарына келді

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Курил аралдарына атбасын тіреді. Кунашир аралында ол жергілікті тұрғындармен әңгіме-дүкен құрып, салынып жатқан нысандарды барып көрді.

Ресей үкіметі басшысының жанында вице-премьер Ольга Голодец пен Қиыр Шығыс  істері жөніндегі министр Виктор Ивашев  және өңірлік даму министрі Олег Говорун мен Сахалин губернаторы Александр Хорошагин болды. Ресей басшыларының Курилге табан тіреуі Жапония жағының жүйкесіне тиетіні белгілі жәйт. Осы орайда, Д.Медведев үкімет мүшелерінің Курилге  баруларын аса ма­ңызды мәселе деп есептейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Курил Ресей жерінің аса маңызды бөлігі болып табылады.

 

Су тасқыны сансыратып кетті

Үндістанның Ассам штатында 4 күн бойы нөсерлете жаңбыр жауды. Муссон жаңбырлары туындатқан су тасқынынан 80-нен астам адам опат болды. Бұл туралы  Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхтің сөзіне сілтеме жасай отырып, Associated Press  агенттігі хабарлады.

Премьердің сөзіне қарағанда, көп адам ернеуінен асқан Брахмапутра өзеніне батып кетсе, 16 адам көшкіннің құрбанына айналған. Штатта тұратын 2 миллионға жуық адам үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған. Олардың жарты миллионға жуығы босқындар лагерінен сая тапса, қалғандары өздерінің туысқандарымен бірге көшелерге тұрақтаған. Бұған қоса, кем дегенде 11 адам іс-түзсіз жоғалғандар қатарында.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

Косово қыркүйек айында толық тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Бұл жөнінде Австрияның сыртқы істер министрі Михаэль Шпинделеггерге сілтеме жасай отырып, АРА-2 ақпарат агенттігі хабарлады.

Венесуэла басшылығы Каракастағы президент сарайында дәрігер болып істейтін Ана Мариа Абреуді мемлекеттік құ­пия­ны жария еткені үшін тұтқынға алды. Оның нақты қандай құпияны сақтамағаны жөнінде ештеңе айтылмайды.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Лебап уәлятының әкімшілігін жергілікті диқандар мемлекет алдындағы міндеттемелерін табысты орындағаны үшін марапаттады – әкімшілікке «Кадиллак» көлігін сыйлады. 

Интернет материалдары негізінде әзірленді.