• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 16 Наурыз, 2019

Елеусінов алтыншы жеңісіне қол жеткізді

965 рет
көрсетілді

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.

Филадельфиядағы жекпе-жекте ол мексикалық Сильверио Ортиспен (37-24, 18 КО) кездескен. Қарсыластар сегіз раунд бойы жұдырықтасты. Данияр кездесу бойы басымдықта болып, жетінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осылайша, жеңіс төрешілер шешімімен Елеусіновке берілді – 79:70, 79:71 және 79:71.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста өткізген алтыншы жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады.