• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Сәуір, 2024

Полицей әріптестерін атып тастаған

224 рет
көрсетілді

Haber телеарнасы Адыяманда полицей қызметкері бөлімшеде жүрген әріптестеріне оқ жаудырған. Түркия ішкі істер министрлігі оқиғаның себебін анықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға Адыяман-Алтыншехир полиция бөлімінде болған. 

Ер адам бөлімшеде кезекшілік қызметін атқарып жүрген әріптестеріне тапаншадан оқ атып, шабуыл жасаған.

Салдарынан 2 полицей ауыр жарақат алып, ауруханада қаза тапты. 

Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның аталған факті бойынша сот және әкімшілік тергеу басталғанын хабарлады.

Ал оқиғаға кінәлі адам аяғынан жарақат алған. Ол қамауға алынды.