Жұма, 27 шілде 2012 7:28
Осыдан екі апта бұрын ақпарат құралдары Ресей әскери базаларын Тәжікстанның өз аумағында сақтап қалуы үшін қомақты қаржы талап еткенін шулап-ақ хабарлаған. Енді бұл елдің ешқандай қаржы сұрамауға көнгенін, тіпті оған мәжбүр болғанын айтып жатыр.
Бұл қалай? Хабарда шындық бар. Тәжікстаның өз жеріндегі Ресейдің 7 мың адамы бар 201-ші дивизиясы үшін 250 миллион доллар жалға беру ақысын төлейсің деген талабы әлемге есітілген. Естілетін жөні де бар. Әңгіме Ресейдей державаның Орта Азия еліне, күні ертең НАТО-ның әскери күштері әкетілетін атышулы Ауғанстанға ең жақын орналасқан Тәжікстанға ықпалы жайында.
Жұма, 27 шілде 2012 7:28
Осыдан екі апта бұрын ақпарат құралдары Ресей әскери базаларын Тәжікстанның өз аумағында сақтап қалуы үшін қомақты қаржы талап еткенін шулап-ақ хабарлаған. Енді бұл елдің ешқандай қаржы сұрамауға көнгенін, тіпті оған мәжбүр болғанын айтып жатыр.
Бұл қалай? Хабарда шындық бар. Тәжікстаның өз жеріндегі Ресейдің 7 мың адамы бар 201-ші дивизиясы үшін 250 миллион доллар жалға беру ақысын төлейсің деген талабы әлемге есітілген. Естілетін жөні де бар. Әңгіме Ресейдей державаның Орта Азия еліне, күні ертең НАТО-ның әскери күштері әкетілетін атышулы Ауғанстанға ең жақын орналасқан Тәжікстанға ықпалы жайында. Ресейдің әскері қалмаса, оның ықпалы әлсірейді. Ең бастысы – бір одаққа біріккен (ҰҚШҰ) мемлекеттердің дауға барып жатқаны жөнсіз-ақ.
Ресей жағы әскери базаны осында сақтауды одан әрі ұзартуға байланысты ұсынған шарт жобасын тәжік жағы саяси тұрғыда әдепке сыймайды деп сипаттап, өз тарапынан 20-дан аса талап қойған. Оның көпшілігін Ресей қорғаныс мекемесі түсініксіздеу және орындауға мүлде келмейді деп есептеді. Ресей әскерінің Бас штабы: «Әңгіме тек РФ мүддесі туралы ғана емес, ҰҚШҰ елдерінің ортақ қауіпсіздігі жайында, Ресей әскерінің Орта Азияда болуы соған қызмет етеді» – деп мәлімдеген.Жұрт бұл өзі әжептәуір саяси дауға ұласар, келісім жолы қиын болар, халықаралық сарапшылардың талдауларына, болжамдарына арқау болар деп ойлаған. Олай болмады. Тез шешілді. Тәжікстан өз жерінде Ресейдің 201-ші дивизиясының 2014 жылдан кейін де тегін орналасуына келісімін берді, деген ресми хабар жарияланды. «Мәскеу мен Душанбе арасындағы базаның 49 жылға дейін осында орналасуын бекіткен келісім жобасын тәжік жағы толығымен қабылдауға болады деп есептейді», деді Ресейдің Құрғақтағы әскерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Владимир Чиркин.Мұндай жылдам өзгерістің сыры неде? Тереңірек, аймақтағы жағдайға зер сала ойлаған адамға оның сырын ұғу оншалықты қиын емес. Ең алдымен, Ресейдей державаның әскери күшін тәжік жағының өз мүддесіне, елдің қорғаныс мүддесіне пайдалануы айрықша маңызды. Ауғанстанмен көршілік өз алдына, соңғы кезде мінез көрсете бастаған Өзбекстанның алакөздігіне Тәжікстанның жеке өзінің қарсы тұруы қиын. Басқа жұрт қорғанысқа қажет әскерге қырғын қаржы жұмсаса, Ресей әскері тегін. Оны тағдырдың сыйы десе де болар.Бұл – біріншіден. Екіншіден, қазіргі уақытта тәжік қауымының ауқымды бөлігі еңбек миграциясымен Ресейде жүр. Оларды Мәскеу кейін қайтарар болса, мұны Тәжікстан үшін экономикалық апат деуге болар еді. Оларға Душанбе жұмыс тауып бере алмасы өз алдына, сол гастарбайтерлердің жіберген ақшасы ел экономикасының үлкен тірегі болып отыр. Одан айырылса, экономикасы жығылады.Сөйтіп, Мәскеу мен Душанбенің кетіспегені екі жаққа да керек. Душанбе орыс әскерін қуса, Мәскеу екі қолына бір күрек іздеген тәжік мигранттарын қуады. Екі жақ оған бармауға келісті. Сауда ма? Сауда. «Достықта сауда жүрмейді» деген бар. Бірақ бүгінгі күнгі достықтың сиқы осындай. «Сен – маған, мен – саған» қағидаты үстемдік етеді. Сөйтсе де, «Есепті дос айнымас» деген және бар.Мұндай тіл табысудың қажеттігін Тәжікстандағы қазіргі жағдай толық дәлелдеді. Елдің Таулы Бадахшан ауданындағы МҰҚК-нің генералы Абдулло Назаровтың өлтірілуі, соған байланысты ұйымдасқан бандалық құрылымдарды жою операциясы біраз жұрттың көзін ашқандай. Өзіңдікі болмағанмен, елде сыртта келген жауға қарсы тұратындай күштің болғаны жақсы.
Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».