Білім 18 Наурыз, 2019

Алматылық Айнұр Жұмалипова СДУ университетінің грантын ұтып алды

580 рет
көрсетілді

Алматы қаласының №34 гимназиясының түлегі Жұмалипова Айнұр SPT олимпиадасына қатысқан 10 мың талапкер арасынан жалғыз өзі 100 ұпай иегері атанып, рекорд орнатты. Мұндай көрсеткішке олимпиада өткізіліп келе жатқан бес жыл ішінде ешбір талапкер бұрын-соңды қол жеткізе алмаған. Айнұрдың ендігі мақсаты - алдағы ҰБТ-дан 140 ұпайға қол жеткізу.

Еске сала кетсек, мектеп оқушыларына арналған олимпиада республика бойынша 22 қалада өткізіліп, оған 10 мыңнан астам оқушы қатысқан болатын. Қатысушылар өздері таңдаған физика, география, химия, ағылшын тілі, әдебиет және тарих пәндері бойынша сынға түсті. Өз білімін дәлелдеген үздік қатысушылар Сулейман Демирел университетінде 4 жыл тегін немесе жеңілдікпен білім алу мүмкіндігіне ие болды.

-  Жеңімпаздардың көпшілігі – қарапайым орта мектеп оқушылары. Бұл орта мектеп оқушыларының арнайы мектеп түлектерімен тең бәсекелестік орнату қабілетінің көрсеткіші. Ал СДУ университеті шалғай аймақтардағы қарапайым орта мектеп оқушыларын арнайы мектеп оқушыларымен бір деңгейде сайыстыра отырып, білімге құштар кез келген жас түлектің білім грантына қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жастар жылы аясында өткізіліп отырған олимпиаданың жас түлектерге СДУ университеті атынан ерекше қолдауы болды, - деген пікірде ұйымдастырушылар.

Биылғы жылы IT, шет тілі және экономика-қаржы мамандықтарына сұраныс жоғары болып отыр. Себебі IT саласында СДУ жыл сайын көш бастап, оқу бағдарламасын ағылшын тілінде жүргізуге басымдық береді. Ал, экономика және қаржы мамандықтарына деген сұраныстың көбеюіне түлектерге тегін берілетін халықаралық АССА сертификаты үлкен әсерін тигізуде.

SPT- 2019 олимпиадасында үздік атанған оқушылар тізімі:

«Физика» кластері бойынша

Сүлейменов Сұлтан / Талдықорған, Білім-Инновация лицейі

Хамидолла Дәулет / Алматы, №134 лицей

Бархандинова Асмина / Алматы, №5 мектеп-гимназия

 

«География» кластері бойынша

Кульниязова Мадина / Ақтөбе, №64 орта мектеп

Қажығали Санжар / Ақтөбе, Білім-Инновация лицейі

Үсен Жұлдыз / Шымкент, №46 мектеп

 

«Хим-Био» кластері

Бұраханова Зарина / Астана, №53 мектеп-лицей 

Василова Малика / Алматы, №153 мектеп-гимназия

Тілеген Меруерт / Қостанай, Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

«Ағылшын тілі» кластері бойынша

Саметай Әдемі /Талдықорған, Мәметова орта мектебі

Жетпісбаев Әділ / Қостанай ,Затобольская мектеп-гимназиясы

Тілеубеков Талғатбек / Семей, №5 мектеп гимназия

 

 «Әдебиет» кластері бойынша

Бахтиярова Дэлияра / Ақтөбе, №50 орта мектеп

Сағидуллина Қамқа / Орал, Қараөзен орта мектебі

Таржманова Сымбат / Орал, №1 орта мектеп

 

«Тарих» кластері бойынша 

Жұмалипова Айнұр / Алматы, №34 гимназия

Айпкан Темірлан / Алматы, №27 гимназия

Закина Альбина / Орал, Қ.Мырзалиев орта мектебі