• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2019

Пленарлық сессияға қатысты

964 рет
көрсетілді

Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның 15-16 наурызда Венецияда (Италия) өтіп жатқан 118-ші пленарлық сессиясының жұмысына қатысты.

Сессия жұмысына Еуропа Кеңе­сінің, Еуропа Одағының, ЕҚЫҰ-ның, Венециялық комиссияның басшылығы, шетел парламенттерінің, соттар мен конституциялық әділет органдарының басшылары мен мүшелері қатысып жатыр. Сессияның негізгі бөлігі жекелеген мемлекеттердің заңнамалық акті­лері бойынша Комиссияның қоры­тын­дыларын қабылдау мәселелеріне арналған. 

Сессия шеңберінде Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы халықаралық заң қоғамдастығын 2017 жылғы конституциялық реформаның негізгі бағыттарын іске асыру үшін қабылданған заңнамалық және өзге де шаралар туралы хабардар етті. Венециялық комиссия мен бірқатар мемлекеттердің конституциялық сот­тарының басшыларымен екіжақты жұ­мыс кездесулері өтті.

Қайрат Мәми Венеция комис­сиясының президенті Джанни Букик­кио­мен Қазақстан мен Комиссияның құқық үстемдігі қағидалары сала­сын­дағы ынтымақтастығын тал­қы­лады. Сонымен бірге 2020 жылы Ал­жирде өтетін Конституциялық сот төрелігі жө­ніндегі дүниежүзілік кон­фе­­рен­ция­ның 5-ші Конгресін өткізуге да­йындық туралы  сөз болды. Жаңа демократия ел­дері конституция­лық бақылау органдары Конференция­сының Төрағасы ретінде Қайрат Мәми еуропалық әріптестерді белгіленген Кон­греске қаты­суға байланысты Қауым­дас­тық­тың қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.

Комиссия басшылығы жүргізіліп жат­қан жұмысқа қанағаттанушылығын білдіріп, Қазақстанмен одан әрі ын­тымақтастыққа дайын екенін айтты.

«Егемен-ақпарат»