• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2012

Жер дауы қайта көтерілді

367 рет
көрсетілді

Жер дауы қайта көтерілді

Бейсенбі, 23 тамыз 2012 7:29

Оңтүстік Корея Жапонияның Токто аралы мәселесін шешу туралы БҰҰ-ның халықаралық сотына жүгіну ұсынысынан бас тартты. Кореялық «Ренхап» агенттігінің ақпараттарына қарағанда, Токто аралы Оңтүстік Кореяға тиесілі.

 

Бейсенбі, 23 тамыз 2012 7:29

Оңтүстік Корея Жапонияның Токто аралы мәселесін шешу туралы БҰҰ-ның халықаралық сотына жүгіну ұсынысынан бас тартты. Кореялық «Ренхап» агенттігінің ақпараттарына қарағанда, Токто аралы Оңтүстік Кореяға тиесілі.

«Токтоға байланысты аумақтық дау болмауы керек, – деп айтыпты Оңтүстік Корея­ның сыртқы істер министрі Ким Сон Хван. – Токто тарихи және географиялық жа­ғынан да біздің жер». Бұл арал Жапон теңізінің батыс бөлігінде орналасқан, ХХ-ғасырдың басына дейін Кореяға тиесілі болып келіпті. Ал 1905 жылы аралды Жапония префектісі өз аумағына алу туралы өкім шығарған көрінеді. Бұған дейін Жапония тарапы кореялықтарға осы даулы мәселеге қатысты сотқа жүгіну жөнінде екі рет ұсыныс білдірген. Екеуінде де Сеул бас тартқан.

Ақпарат толы құжат ұрланды

Франция үкіметі президент сарайының, бас барлау орталық дирекциясығимаратының, сондай-ақ Франция ішкі істер министрлігі мен Париждегіполиция басқармасы орналасқан орын-жайдың нақты жоспарларыұрланғанын жариялады.

«Ассошейтед-пресс» агенттігінің хабарлауынша, аталған ғимараттар туралы бар­лық ақпараттар сақталған флэшка ғима­ратқа жаңа коммуникация желілерін орнатып жатқан бір мердігерде болған. Белгісіз біреулер әлгі флэшканы бизнес­меннің автокөлігінен ұрлап кеткен. Тергеушілер бұл оқиға­ның алдын ала жоспарланғанын не­месе кездейсоқ екенін білмей, бастары қатып отыр. Поли­цейлердің айтуынша, қол­ды болған құжат құпия емес, ел қауіп­сіздігіне ешқандай қатер төндірмейді.

Сапарын Ираннан бастамақ

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өзінің мемлекет басшысы ретінде шетелге алғашқы сапарын Теһранға барудан бастауы мүмкін. ДРА агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын 26-31 тамызда Иран астанасында өтетін қосылмау қозғалысы саммитіне қатысады.

Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда, бұл әлі де анықтауды қажет етеді. Ал Теһран саммиті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иран Ким Чен Ынды құрметпен қа­былдайтын болады. Қосылмау қозғалысы әскери блокқа кірмейтін 120 мемлекетті біріктіреді. Саммит үш-төрт жылда бір рет өтіп тұрады.

Басқа емес, президентті «қорқытпақ»

АҚШ-тың құпия қызметі президент Барак Обамаға «өлтіремін» дегенсипаттағы электронды поштамен «қорқыту» хат жолдағаны үшін Сиэтлқаласының бір тұрғынын тұтқынға алды. Бұл жөнінде«Ассошейтед-пресс» агенттігі хабарлады.

«Қорқыту» хат елдің федералды тергеу бюросына келген. Олар оны дереу құпия қызмет органына жіберген. Хаттың авторы 31 жастағы Антон Кэлури болып шыққан. Құпия қызметтің із кесушілері әлгінің пәтеріне басып кіргенде, ол өз еркімен берілуден бас тартып, үйге бомба қойылғанын мәлімдеген. Тексере келгенде, жарылғыш хат табылмаған. Хат жолдаушының анасының айтуынша, А.Кэлури жоғары білімді, әскерде қызмет еткен. Мына әрекеті қателік болып табылады.

Жүздеген үй су астында қалды

Краснодар өлкесінің Таупсин ауданы аумағындағы Новомихайлов поселкесінде 600-ден астам тұрғын үй, сондай-ақ клуб, аурухана және мектеп су астында қалды. Бұл елді мекенде 1,5 мыңға жуық адам тұрып жатқан еді.

Су басқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілді, қажетті киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз ету қолға алынды, поселке аумағында төтенше жағдай режімі енгізілді. Ең бастысы, адамдар арасында қайғыға душар болғандар жоқ. Айта кетейік, өткен айда Кубанда нөсер жауынның салдарынан елді мекендерді бірнеше рет су басып, 160-тан астам адам құрбан болған еді.

Қылмыскерді қайтаруды талап етеді

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Белоруссия прокуратурасын экс-президент Құрманбек Бакиевтің інісі Жаныш Бакиевті жасырып отырғаны үшін айыптаған мәлімдеме жасады.

Қырғызстан СІМ-інің кеше таратқан баспасөз парақшасында Жаныш Бакиевтің халықаралық іздеуде, оның ішінде Интерпол тарапынан да іздеуде жүргені, Қырғызстан тарапы оны қайтару туралы Белоруссияның тиісті органдарына бірнеше мәрте сұраныс жасалғаны, одан әлі күнге дейін еш нәтиже шықпағаны көрсетілген. Ал Ж.Бакиев өз елінде адам өліміне соқтырған бірнеше қылмыс бойынша айыпталып отыр.

 Қысқа қайырып айтқанда:

 Гватемаланың жоғары шенді бұрынғы офицері Педро Гарсиа Арредондо кезінде адам ұрлағаны үшін 70 жыл түрмеге отыру жазасына кесілді. Елде азамат соғысы жүріп жатқан 1981 жылы ол агроном-студент Эдгар Саенсты ұрлауды ұйымдастырған екен. Оның өлі-тірісі әлі белгісіз.

 Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген Сирия үкіметтік армиясының генерал-майоры, Алеппо операциясының қолбасшысы Алеппо қаласы мен осыған аттас провинцияны көтерілісшілерден 20 күн ішінде «тазартуға» уәде берді.

 АҚШ-тың бір тұрғыны Мартин Лютер Кингпен болған сұхбаттың аудиожазбасын тапты. 1960 жылғы 21 желтоқсанда жүргізілген бұл сұхбат әлі күнге дейін жарияланбаған екен.

 Тәжікстан арнайы қызметінің генералы А.Назаровтың өлімін ұйымдастырды деген күдікті И.Имомназаровты өз үйінде белгісіз біреулер атып кеткен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.