Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:46
Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл толған еді. Германия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі болды. Біз ГФР-ді Еуропадағы негізгі серіктесіміз ретінде қарастырамыз, ал Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы басымдық беретін мемлекет болып табылады.
Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:46
Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл толған еді. Германия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі болды. Біз ГФР-ді Еуропадағы негізгі серіктесіміз ретінде қарастырамыз, ал Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы басымдық беретін мемлекет болып табылады.
Бүгінгі күнде Қазақстан мен Германия арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді, ең жоғары деңгейдегі пәрменді саяси үнқатысу қолдау табуда. Үкіметаралық, парламентаралық және партияаралық байланыстар, сондай-ақ ғылыми, іскерлік, шығармашылық интеллигенция топтары арасындағы үнқатысу өзара құрмет, сенім және ашықтық негізінде тұрақты түрде нығайып келеді.Дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығы – біздің жас мемлекетіміз үшін айтулы оқиға. Оны біз Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ГФР-ға жоғары деңгейдегі жетінші сапарының табысты өтуінен көреміз. Сапар барысында Қазақстан-Германия қатынастарының ұзақ мерзімді және жоғары деңгейді көрсететін серпінді жоба екені дәлелденді.Осы орайда, елдеріміздің басшылары қол жеткізген түрлі бағыттардағы уағдаластықтарды атап өтуге тиіспін. Шикізат, өнеркәсіп және технологиялар салаларындағы әріптестік туралы үкіметаралық келісімдерді іске асыру шеңберінде және инвестициялық жобаларды талқылау мақсатымен Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордес бастаған неміс іскер топтарының делегациясы үстіміздегі жылғы қыркүйек айының соңында Қазақстанға сапармен келеді деп күтілуде. Дәл сол күндері Астанада бірқатар неміс саясаткерлері мен сарапшыларының қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының екінші отырысы өткізіледі. Германияда кеңінен тараған «Дуальды» жүйе негізінде Қазақстанда бірлесіп кәсіби-техникалық кадр дайындау бастамасы ілгерілетіледі. Осы орайда, Қазақстанда дуальды білім беруді енгізу туралы тиісті екіжақты құжат әзірленуде.Қазақстан мен Германия қатынасындағы 20 жылдық кезеңде елдердің игілігіне арналған басқа да мағыналы оқиғалар мен жобаларды атап көрсетуге болады. Әсіресе, неміс тарапы жасаған сапарлардың саны өсіп келеді. 2010 жылы Федералдық канцлер Ангела Меркельдің Қазақстанға екі мәрте жолы түсіп, Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына қатысты. 2010 жылы қазанда Астанаға Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің келуін де үлкен оқиға қатарына қосқан жөн. Бұл Германия Парламенті төменгі палатасы жетекшісінің Қазақстанға тұңғыш сапары болған еді. 2012 жылы қараша айында өтетін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллиннің Берлинге жауап сапары парламентаралық ынтымақтастыққа елеулі серпін береді деп үміттендіреді.Екі ел арасындағы сауда-саттық мәселелері де маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетіп, 6,2 млрд. еуроны (+20%) құрады, бұл – ГФР-дің Орталық Азия мемлекеттерімен бүкіл сыртқы сауда көлемінің 85 пайызы деген сөз. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сауда көрсеткіштері 3,1 млрд. еуро болды. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 1200-ден астам мекеме тіркелген. Біздің мемлекеттеріміз Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Жұмыс тобы мен Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік тобының шеңберінде белсенді түрде өзекті мәселелерді қарастырады.Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы маңызды байланыс ретінде неміс ұлтының Қазақстан азаматтары (200 мың адам), сондай-ақ бұрын Қазақстанда тұрған Германия азаматтары (900 мыңнан аса адам) бар екені белгілі, біз олардың мұқтаждарына ерекше назар аударамыз. Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан этностық немістердің мәселелері бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссияның жұмысы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізді. 2010 жылдан бастап Гумбольд атындағы Берлин университетінде «Қазақстан және қазақ тілі» лектораты ашылып, бұл жәйт неміс студенттері арасында қызығушылық тудырып отыр. Біз осы бірлескен жобаға одан әрі қолдау көрсету ниетіндеміз.ГФР Сыртқы істер федералдық министрі Гидо Вестервелленің үстіміздегі жылғы 29 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келуі және «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияға қатысуы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған күннен бері келе жатқан жиырма жыл ішінде қалыптасқан стратегиялық ынтымақтастық деңгейін, сондай-ақ халықаралық проблематикаға қатысты көзқарастарымыздың ортақтығын дәлелдейді деген ойдамыз.Алдағы Қазақстан-Германия жоғары деңгейдегі келіссөздері, қалыптасқан дәстүр бойынша, халықтарымыз игілігі үшін одан әрі көпжақты үнқатысуды жалғастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деген сенімдеміз.Нұрлан ОНЖАНОВ,Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі.