• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2012

Шарайна

291 рет
көрсетілді

Шарайна

Сенбі, 8 қыркүйек 2012 7:27

Президент қылмыскерлерді табуға уәде берді

Франция президенті Франсуа Олланд Анси көлінде орын алғанқылмысты ашу үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрінің жасалатындығынмәлімдеді.

 

Сенбі, 8 қыркүйек 2012 7:27

Президент қылмыскерлерді табуға уәде берді

Франция президенті Франсуа Олланд Анси көлінде орын алғанқылмысты ашу үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрінің жасалатындығынмәлімдеді.

Француз полициясы Жоғарғы Савойя де­­партаментіндегі Анси көлінде болған 4 адамның өлімін тер­геуді одан әрі жалғастыруда. Бүгінде қаза болғандардың кім екені анықталып отыр. Олар Суррей графтығындағы Клейгейт елді ме­кенінде тұратын отбасы мүшелері болып шықты. Оқиға 5 қыр­күйек күні орын алған болатын. Қаза болғандардың жанынан 1 велосипедшінің де мүрдесі табылған. Ол туралы қылмысқа кез­дейсоқ куәгер болған адам деген болжам айтылуда.

Ромнидің әлеуетіне күмән келтірді

Демократиялық партияның съезінде сөйлеген сөзінде АҚШ президентіБарак Обама өз әкімші­лігінің Қытайға қатысты саясатын қорғап шықты.

Сонымен бірге, ол Республикалық партиядан президенттікке кандидат Митт Ро­мнидің сыртқы саясаттағы әлеуетіне күмән келтірді. Обама өз әкімшілігінің Қытайдың саудада айналысып отырған әділетсіз тәжі­рибесіне қарсы шыққанын мәлімдеді. Сонымен бірге, ол АҚШ-тың Азия-Тынық мұ­хиты өңіріне ерекше назар аударып отыр­ғанына барынша салмақ түсіруге тырысты. Қытайға қарсы қатаң іс-қимылдарға баруға уәде бергенімен, Обама ол елге «валюталық манипулятор» деген атақ таңудан аулақ екенін де ескертті. Ромни секілді Ресейді жау ел деп есептемейтінін де қаперге салды. «Бұл – «қырғиқабақ соғыстан» қалған ескі ұстаным», деді АҚШ президенті.

Астронавт рухы мұхиттан жай табады

Америкалық астронавт Нил Армстронгты соңғы сапарға флоттың дәстүрлеріне сәйкес шығарып салмақ.

Айдың бетіне алғаш болып табаны тиген атақты астронавтың соңғы тілегі осындай болған көрінеді. АҚШ әскери-теңіз флотында адамды бұ­лайша жерлеу дәстүрлі әдет болып табылады. Ал Армс­­тронгтың 1949-4952 жылдары сынақшы-ұшқыш болып қызмет еткені белгілі. Бұл дәстүр бойынша әскери катер ашық теңізге шы­ға­рылады, одан соң жарғыға сәйкес, табыт суға салынады немесе күлі су бетіне шашылады. Армстронгтың еш дінді ұстанбағанына байланысты ешқандай діни рәсім болмайтын көрінеді.

Қытайда жер сілкінді

Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісі құрбандарының саны 45 адамға дейін жетті, 150-ден астам адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.

Қытай сейсмологтары Юньнань және Гуйджоу провинцияларында жергілікті уақыт бойынша шамамен 11.00-де екі бірдей жерасты дүмпуін тіркеген. Сонымен бірге, билік құрбан болғандар санының артуы мүмкін екендігін де айтып отыр. Қазіргі уақытта зілзаладан зардап шеккен аудандарға құтқарушылар тобы жөнелтілді.

Германияда ұшақтар ұшпай тұр

Немістің Lufthansa әуе компаниясының стюардессалары мен басқа да қызметшілерінің кезекті 24 сағаттық ереуілі әлемнің көптеген әуежайларының жұмысына кері әсер етіп отыр.

Жергілікті DPA ақпарат агенттігінің мәліметтері бойынша, жоспарланған мыңдаған рейстің 1800-і ұшпайтын болған немесе басқа уақыттарға ауыстырылған. 13 ай қатарынан әуе компаниясы кәсіподақтары үш жыл бойы өсірілмеген еңбекақыны көтеру жөнінде Lufthansa басшылығымен нәтижесіз келіссөздер жүргізген болатын. Өткен аптада қарсылық акциясын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Майндағы Франкфуртта өткен акцияға Берлин мен Мюнхен де қосылып отыр.

Суға батқан босқындар іздестірілуде

6 қыркүйек күні кешкілік Италияның Лампедуза аралының маңайында Тунистен шыққан босқындар отырған кеме суға батып кеткен.

7 қыркүйек күні таңертең 54 адамды табудың сәті түскен көрінеді. Кеме бортында нақты қанша адамның болғаны белгісіз. Аман қалған босқындардың айтуынша, олардың саны 100-ден астам, бәлкім, 150-ге жуық болған сыңайлы. Олар Италияға ескі ағаш кемеге отырып жүзіп жетпек болған екен. Қазіргі кезде босқындарды Италияның жағалау күзеті іздестіруде.

Пара конверттегі  ақша ғана емес

Ресей бас прокуратурасы «пара» деген ұғымды нақтылайтын заң жобасын әзірлеуде.

Егер бүгінде пара деп конверттегі ақша, қымбат коньяк және басқалар сияқты материалдық игілікті атайтын болса, ендігі жерде рыноктық бағасын белгілеу мүмкін емес кез келген материалдық емес мүліктің де, мәселен, баспасөздегі мадақ сөздер, қызмет бойынша жоғарылау немесе жұмыс бабында мүмкіндіктер туғызу, дипломдар беру, тағы сол сияқтылардың пара ретінде көрініс табуы мүмкін. Заң жобасының Думаға келіп түсетін мерзімі туралы әзірге хабарланған жоқ.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.