• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2012

Арандатудан абай болған жөн

276 рет
көрсетілді

Арандатудан абай болған жөн

Жұма, 14 қыркүйек 2012 7:37

Ресейдің құрғақтағы әскерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Владимир Чиркин Федерация Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәжілісінде Орта Азия мемлекеттері арасында әскери қақтығыстар болуы қаупі барлығын ескертті.

 

Жұма, 14 қыркүйек 2012 7:37

Ресейдің құрғақтағы әскерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Владимир Чиркин Федерация Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәжілісінде Орта Азия мемлекеттері арасында әскери қақтығыстар болуы қаупі барлығын ескертті.

Мұндай арандатушылық бол­жам­ның ар жағында не бар екенін аңғару оншалықты қиынға соқпай­ды. Осы аймаққа өздерінің ықпа­лын күшейткісі келеді. Қарулы күш­тер өкілінің тұрғысынан қара­ғанда, сол ықпал күшке сүйеніп жасалатыны белгілі. Рас, арада бір күн өт­кен­де бұл елдің қорғаныс министрі Анатолий Сердюков ге­нерал-пол­ковниктің жосықсыздау болжамы­ның тігісін жатқызып сөй­легені бар. Бәрібір көңілде дық қалады.Соғыс болуы мүмкін деген сөз жаман. Ол халық арасында үрей туғызады, жұрттың жүйкесіне тие­ді. Біреулердің, әсіресе, шекараға жақын тұрғандардың басқа жаққа көшу, жақын уақытта жүзеге асыр­мақ істерін кейінге шегеру жайында ойлауы да мүмкін. Талайларды соғыс бола қалған жағдайда бала-шағасы қандай күйге ұшырайды деген ой қажайтыны да анық.Бір сөзбен айтқанда, соғыс қау­пі туралы болжам айту жеңіл бол­ғанмен, оның халыққа түсер салма­ғы ауыр. Содан да қандай қызмет­тегі адам болмасын бұл жайында байқап сөйлегені жөн. Мен осылай ойлаймын деп, аузына келгенді айта берсе, оның басқаларға ауырт­па­лық болып түсуі әбден ықтимал.Жоғарыда айтқан ресейлік даң­ғой генерал ғана емес, бұл ай­мақ­тағы соғыс қаупі туралы жосықсыз пікір айтатындар басқа жақта да бар екен. Өткен жылдың аяғында Ха­лықаралық дағдарыс тобының прези­денті Луиза Арбор 2012 жылда «болатын» 10 соғыстың бірін Орта Азиядан іздейді. Міне, жыл­дың 8,5 айы өтті, соғыстан саумыз. Сірә, «халықаралық беделді сара­п­шының» сандырағы жыл аяғына дейін келе қоймас.Өздерінің соғыс туралы болжамдарын біраз сарапшылар бұл аймақтағы энергетика, су және жерді пайдалануға байланыстырады. Әмудария мен Сырдария өзен­дері суының дұрыс реттелмеуінен айтарлықтай дау барлығы рас. Сол өзеннің басындағы Тәжікстан мен Қырғызстанның етектегі елдер Өзбекстан, Қазақстан, Түркімен­станның мүддесін ескере бермеуі айтарлықтай қиындықтар, соған орай дау да тудырады. Бірақ бұл соғысқа апарады деген сөз емес.Қазақстанға сапары кезінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов бұл жайында қатты да ашынып айтты. Сонда да соғысамыз деген жоқ, тіл табысайық, халық­аралық сарапшыларға жүгінейік, деді. Ал даңғой генерал Чуркин «Өзбекстан, Тәжікстан және Қыр­ғызияның қатысуымен аймақтық қарулы қақтығыс болуы мүмкін», деп сәуегейсиді.Соғыстың басқа да «себептері» алға тосылады. Ресейдегі Геосаяси мәселелер академиясының директоры Валерий Волков бұл соғыс­тың қаупін бұл аймақта уран мен торийдің қоры шоғырланғанынан іздейді. Энергия көзі уран-238 және торий-232-де жинақталған – 86%, ал көмірсутектерінде – 14%. «Сон­дықтан, – дейді ол, – бұл ай­мақта қақтығыс болмай қоймай­ды».Енді оның бұл сандырағы не­гіз­сіз екеніне басты дәлел – сол уран­­ның үлкен көзі біздің елімізде, ал бірақ біз соғыспаймыз және оған жол да бермейміз. Сол бай­лық­тың игілігін бейбіт жолмен кө­реміз және бізді бүкіл әлем қол­дайды.Енді біреулер соғыс қаупін эт­носаралық шиеленіске апарып ті­рей­ді. ИГСО халықаралық саясат ор­та­лығының жетекшісі Михаил Неижмаков Қырғызстандағы 2010 жыл­ғы этносаралық қақтығысты алға тосады. Қырғыздар мен өзбек­тер қақ­ты­ғысты, бірақ ол еларалық қақты­ғыс­қа ұласпады. Өзбекстан бұл шиеле­ніске күші жетпегеннен емес, жағ­дай­ды одан әрі ушық­тыр­мас үшін араласпады. Парасат­ты­лық көрсетті.Осы аймақтағы туысқан елдер­ді, халықтарды қалай да қақты­ғыс­қа ұшыратуды көздейтіндер көп. Арандатудың талай жолын алға тосады. Соның бірі – соғыс қаупі. Оны болмай қоймайтындай көрсе­теді. Ел ішінде үрей тудырады. Әр ұлт өкілдерінің арасына от тастап, жөнсіз қадамға итермелейді. Мұндайда арандатушылардан абай болыңдар деп айқайлағың келеді.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».