• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2019

Қ.Тоқаев ең төменгі жалақыны 1 маусымнан бастап көтеруді тапсырды

1363 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жалақысы ең төмен жұмыскерлердің  жалақыларын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бердім. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді», деп жазды Президент.

Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған еді.