• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

935 рет
көрсетілді

19-20 наурыз аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Қазақстан делегациясының Испанияға жұмыс сапары өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Е. Көшербаев Испанияның сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан-испан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Шиана Мендес, «Acciona Energy» энергетикалық компаниясының Президенті Рафаэль Матео, Испандық экспорттаушылар мен инвесторлар клубының мүшелері, сондай-ақ жетекші испан БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сапардың негізгі тармақтарының бірі Қазақстан делегациясының Қазақстан-Испан бизнес-форумының жұмысына қатысуы болып, оның шеңберінде еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері, энергетика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым және қаржы салаларындағы бірқатар жобалар, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.

Оған қоса, бизнес-форумның нәтижесі бойынша қазақстандық және испан іскер топтарының бірқатар кездесулері орын алды.

Айта кетерлік жайт, 2018 жылы Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2 млрд. АҚШ доллардан асып, оның ішінде Қазақстаннан Испанияға экспорт 1 млрд. 862 млн. долларына жетсе, Испанияның Қазақстанға импорт көлемі 179,5 млн. долларын құрады.