• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2019

АҚШ тарапы Қазақстандағы өзгерістерге қолдау білдірді

999 рет
көрсетілді

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің орынбасары Роберт Палладино Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент өкілетін тоқтатуына орай мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде АҚШ тарапы Назарбаевтың екі ел арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға қосқан үлесін жоғары бағалайтыны айтылған. Вашингтон тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Назарбаевтың жасаған жұмыстарына құрмет білдірді.

Вашингтон мемлекеттік департаменті Назарбаевтың ядролық қаруды жою үшін жасаған елеулі еңбегіне алғыс айтқан. Мәлімдемеде АҚШ-тың Назарбаевтың билікті бейбіт жолмен тапсырған үлгілі ісін құрметтейтіні жазылған.

Палладино өз мәлімдемесінде Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жалғастыра түседі деп үміт білдіреді.