• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2019

Т.Сүлейменов Президент көмекшісі қызметіне тағайындалды

1255 рет
көрсетілді

Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», делінген Ақордада жарияланған хабарламада. 

Сондай-ақ Президент Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.