• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 22 Наурыз, 2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

1238 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Валентина Матвиенкоға ризашылық айтып, Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланыстары екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.