Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының атқарушы орган басшыларымен, ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Мемлекет басшысы өңірді өркендету, оның орталығы - Түркістан қаласын дамыту мәселесі бойынша ой қозғап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Елбасымыздың реформалары Қазақстанды даму жлына шығарды. Бірақ әлемде бәсекелестік артуда. Жаңадан сын қатерлер пайда болуда. Жалпы бүкіл дүниежүзінің дағдарыс болып, әлемнің болашағы бұлыңғыр болуда.Сондықтан тоқтап қалуға мүлдем болмайды. Халықымыздың бірлігі, ұлтарпалық келісім, күшті эконмика әрі қарай алға басудың негізгі кепілі»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Түркістан облысы дотациялық өңір деген аттан арылып, өндірісті дамыту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуі керек екенін айтты. Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамыту, ауыз су, газ және сапалы электр қуатымен, халыққа қажетті қызмет көрсету орталықтары мен банк бөлімшелерін, сауда орындарын ашу жөнінде тапсырма берді. Түркістанды ғылым мен мәдениеттің руханияттың орталығына айналдыру бойынша нақты жоспар жасау жөнінде міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды түлетудегі күрделі жұмысты ұйымдастырып, табысты жүзеге асырады деп сенім білдірді.