• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:48

Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді

Қырым аспанында Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 29 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде болған. Ұшақ бортында 23 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған, олардың ешқайсысы аман қалмады.

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты

Әуе кемесімен байланыс сейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де (Астана уақытымен 20:00) үзілген. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1 сәуірге қараған түні ұшақтың құлаған жері табылды.

Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесі жартасқа соғылған.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды

Соңғы жаңалықтар