• RUB:
    6.24
  • USD:
    485.82
  • EUR:
    554.03
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:19

Алматыда бір отбасының үш келіні азаматтардың алтын бұйымдарын ұрлаған

Алматыда адам көп жиналатын орындарда үш күдікті тұрғындардың алтын әшекейлерін шешіп алған және ұялы телефондары мен ақшаларын қолды қылған. Полиция анықтағандай, үш әйел де бір отбасының келіндері болып шыққан, деп жазады Egemen.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала міндетті рөлдерін бөліскен үш әйелдің негізгі нысаны – базарлар, қоғамдық көлік, тағы басқа адам көп шоғырланатын орындар болған.

«Сол жерлерде олар ұялы телефондарды, ақшалай қаражатты және алтын әшекейлерді ұрлаған. Криминалдық полицейлер жедел-іздестіру барысында дәлелдемелерді жинақтап, қылмыстық топтың барлық мүшесін кезең-кезеңімен анықтады», деп хабарлады ведомство.

Алматыда қалта ұрыларының күнделікті табысы шамамен миллион теңгеден асқан

Ұрлық жасады деген күдікпен екі әйел екі күн бұрын ұсталған. Ал келесі күні қылмыстық топтың үшінші мүшесі де қолға түсті.

Бірнеше ұрлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен үш әйелдің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жасалған қалта ұрлығы дерегі бойынша күдіктіні ұстағаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар