• RUB:
    6.24
  • USD:
    485.82
  • EUR:
    554.03
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 16:50

Алматыда биыл бес жұлдызды екі қонақүй ашылады

Алматыда биыл екі жаңа бес жұлдызды қонақүй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, бүгінде мегаполисте 81 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр. Барлық нысанды 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.

«Биыл екі бес жұлдызды қонақүйдің ашылуын күтіп отырмыз. Бұл – Алматы үшін маңызды оқиға. Өйткені мұндай деңгейдегі қонақүй соңғы рет осыдан көп жыл бұрын пайдалануға берілген», деді басқарма басшысы.

Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті

Ғалия Тоқсейітованың сөзінше, жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында 8 бес жұлдызды және 9 төрт жұлдызды қонақүй бар.

«Қазір біз Hyatt брендімен жұмыс істеп жатырмыз, сондай-ақ Radisson қонақүй желісін де қарастырып отырмыз», деді Ғалия Тоқсейітова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі биыл 400 орынға арналған жаңа студенттер жатақханасының құрылысы басталатындығын мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар