Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын» делінген Ақордада жарияланған Жарлықта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды