Мұрат Нұртілеуов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды