• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Наурыз, 2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

1095 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына агенттіктің мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстары және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.