Сәрсенбі, 17 қазан 2012 7:27
Салықты ұлғайтуға наразылар көп
Португалияда қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты тығырықтаншығудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Соған қарамастан, елрецессиядан шыға алар емес. Мәселен, қиындықтан құтылудың біржолы ретінде ел үкіметі салықты ұлғайтуға шешім қабылдаған болатын.
Сәрсенбі, 17 қазан 2012 7:27
Салықты ұлғайтуға наразылар көп
Португалияда қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты тығырықтаншығудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Соған қарамастан, елрецессиядан шыға алар емес. Мәселен, қиындықтан құтылудың біржолы ретінде ел үкіметі салықты ұлғайтуға шешім қабылдаған болатын.
Португалия халқы үкіметтің бұл қадамына наразылық ретінде жаппай ереуілге шықты. Олар салықтың ұлғайтылуына үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр. Ал бұл шара бюджеттің 5 пайыздық тапшылығын болдырмау үшін қабылдануы тиіс. Осы аралықта елге қаржылай көмек көрсетуші ұйымдар дағдарыстың қамытын киген басқа мемлекеттерді Лиссабоннан үлгі алуға шақырды.
Бір күнде 15 жарылыс жасалды
Нигерияның Майдугури қаласында бір күнде кем дегенде 15 жарылысжасалды. Бұл туралы «Ассошейтед пресс» агенттігі хабарлады. Жарылыстарды радикалды исламдық «Боко Харам» сектасы ұйымдастырған. Ал ресми билік қаладағы нақты жағдайға түсінік бере қойғанжоқ.
Майдугури – Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан қала. Ол соңғы күндері оқтын-оқтын аталған сектаның шабуылына ұшырады. Әуелде қарулы жасақтар лаңкестік әрекеттер ұйымдастырумен ғана айналысса, бұрнағы жылдан бері қарай елдің полициясымен және армиясымен белсенді қарулы қақтығыстарға көшкен болатын. Жыл басынан бері «Боко Харам» жасақтары шамамен 700-дей адам өлтірді деген дерек бар.
Үміткерлер алдында шешуші дебат
АҚШ президенттігінен үміткерлер – қазіргі демократ президент БаракОбама мен республикашыл Митт Ромни сайлау алдындағы екінші – шешуші дебатқа шығады. Алғашқысында сәл ғана басымдықпен республикашыл кандидат жеңіске жеткен болатын.
Сарапшылар бұл жолы Б.Обама қалайда қарымта қайтаруы тиіс деп есептейді. Өйтпеген күнде оның жағдайы тым қиындай түспек. Ал пікірталас тақырыбы өткен жолғыдай салық, қауіпсіздік мәселелері болады деп күтілуде. Жалпы, алғашқы теледебаттағы жеңілісіне қарамастан, қазіргі президент сайлау алдындағы науқанда өзінің оппонентінен аздап болса да алда келеді.
Табысты өткен зымыран сынағы
Ресейдің әскери-ғарыш қорғанысы әскерлері Қазақстандағы Сарышаған полигонында әрекет ету радиусы шағын зымыранды сынақтан табысты өткізді. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, полковник Алексей Золотухинге сілтеме жасаған Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабарлады.
А.Золотухиннің сөзіне қарағанда, сынақ мақсаты Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын нақтылау болған. Бірақ қорғаныс министрлігінің өкілі бұл жерде әңгіме нақты қандай зымыран туралы болып отырғанын түсіндірмеген. Ал өткен жылдың желтоқсанында аталған полигонда 53Т6 зымыраны сынақтан өткізілген болатын.
Атын шығарғандарға сыйлық тиесілі
Түркіменстанда өнер қайраткерлері арасындағы конкурстың қорытындысы шығарылды. «Түркіменстан хроникасы» басылымының ақпараттарына қарағанда, байқау отанды ардақтауға арналыпты. Алайда, іс жүзіндегі шешуші тақырып президент Гурбангулы Бердымұхамедовті мақтап, мадақтап, атын шығару болса керек.
Байқауға негізінен көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдары қатысқан. Конкурс жеңімпаздарына АҚШ долларымен ақшалай сыйлықтар тапсырылған. Г.Бердымұхамедовтің билік басына Түркіменбашы Сапармұрат Ниязов қайтыс болған 2007 жылы келгенін айта кетейік. Сол уақыттан бері елде бұрынғы басшы секілді қазіргі президентті де асыра мадақтауға баса мән беріліп келеді.
Өзін кінәсізбін деп көрсетпекші
Серб Республикасының бұрынғы президенті Радован Караджич өзін соғыстың алдын алуға күш-жігер жұмсағаны үшін ынталандыру қажет деген пікір білдірді. Осылайша ол халықаралық трибунал алдында өзінің кінәсіздігін дәлелдемек секілді. «Мені айыптау емес, жасаған жақсы істерім үшін ынталандыру қажет», дейді ол.
Сондай-ақ ол соғыс құрбандары жарияланғаннан 3-4 есе аз екенін көлденең тартады. Және де уақыты келгенде ақиқат салтанат құратынынан да дәмелі. Шындығында, 1992-1995 жылдар аралығындағы Босния соғысындағы қанқұйлы әрекеттері үшін оған адамзатқа қарсы геноцид ұйымдастырды деген айып тағылған болатын. Р.Караджич 2008 жылы тұтқындалып, халықаралық соттың қарауына берілген еді.
Қысқа қайырып айтқанда:
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресейдегі шылым шегуге қарсы бастамаға арналған бейнероликке түсті. Ол үкімет басшысының блогында жарияланды. Елде шылым шегуден жыл сайын шамамен 400 мың адам көз жұмады екен.
АҚШ әскери-теңіз күштерінің «Сан-Хасинто» деп аталатын крейсері мен «Монполье» атом сүңгуір қайығы елдің шығыс жағалауларындағы жаттығулар кезінде соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Техникаларға айтарлықтай зиян келген.
Forbes журналы Ресейдің экс-қорғаныс министрі Павел Грачевтің соңғы сұхбатын жариялады. Онда экс-министр сол кездегі президент Борис Ельциннің ұсынысымен Коржаков, Козырев төртеуі бір-біріне адалдық антын қандарымен бергенін мәлімдепті.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.