• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2012

Шарайна

241 рет
көрсетілді

Шарайна

Сенбі, 20 қазан 2012 7:58

Студенттер наразылығы

Әлемдік қаржы дағдарысы Испанияның әлеуметтік саласын тағы датығырыққа тірей бастады. Бюджет тапшылығының 5 миллиард АҚШдолларын құрауы да бұл жағдайды ушықтыра түсті. Мәселен, елдің 40 қаласында студент жастар ереуілге шығуға мәжбүр болды.

 

Сенбі, 20 қазан 2012 7:58

Студенттер наразылығы

Әлемдік қаржы дағдарысы Испанияның әлеуметтік саласын тағы датығырыққа тірей бастады. Бюджет тапшылығының 5 миллиард АҚШдолларын құрауы да бұл жағдайды ушықтыра түсті. Мәселен, елдің 40 қаласында студент жастар ереуілге шығуға мәжбүр болды.

Бұлай деп отырған себебіміз, Испанияда жоғары оқу орындарында оқитын студенттер үшін төлеу ақысы екі есе өсіп кеткен. Оған керісінше, стипендиялар тура екі есеге қысқарған. Осының салдары студент жастарды көшелерге алып шықты. Бұдан оң нәтиже шыға қоюы да екіталай. Өйткені, елде дағ­дарыс тереңдеп барады. Және Испания Еуропа Одағындағы жұмыссыз жастар ең көп мемлекет болып отыр.

 

Бомбалау салдары ауыр

Сирияның бүлікшілер бақылауындағы Маарет әл-Нуман қаласына үкіметтік әскери-әуе күштерінің соққысы салдарынан 44 адам қаза тапқан. Зымырандық-бомбалық соққы кезінде екі тұрғын үй мен мешіт толықтай қираған. Ішінде адамдар болғандықтан, көз жұмғандар саны көбеюі әбден мүмкін делініп отыр.

Қирандыларды аршып жатқан жұмыс­шы­лардың айтуынша, құлаған үйлер мен мешітке көптеген бейбіт тұрғындар ты­ғылса керек. Жалпы, аталған қала соңғы бірнеше күн бойы Сириядағы басты ұрыс­тардың негізгі орны болып қалып отыр. Ал елдің солтүстігіндегі бұл қалаға бақылау орнатпай, үкімет әскерлері қажетті жабдықтарды мерзімінде ала алмайды.

 

Той қонақтары қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігінде жол жиегіне жасырылған мина үйлену тойынан келе жатқан қонақтардың ажалына себеп болды. Бұл туралы BBC News хабарлады. Жарылыс салдарынан кем дегенде 18 адам мерт болса, тағы 15-і түрлі деңгейде дене жарақатын алған.

Биліктегілердің деректері бойынша, қаза тапқандар қатары артуы ықтимал. Осы аралықта «Associated Press» агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып, 15 адам қаза тапса, 18-і жара­қаттанды деген ақпар таратты. Қонақтар Балх провинциясындағы Давлатабад округіндегі үйлену тойынан келе жатқан екен. Лаңкес­тердің нақты соларды көздегені не көздемегені белгісіз.

 

Парақшаға оқпен жауап береді

Солтүстік Корея егер оңтүстіктегі көршілері КХДР-ге қарсы насихат сөздер жазылған парақшалар жеткізуді жалғастыратын болса, онда Оңтүстік Корея аумағына соққы жасайтындары туралы мәлімдеді. Мұндай ескерту жасалғаны туралы, КХДР армиясы өкіліне сілтеме жасай отырып, мемлекеттік ақпарат агенттігі жария етті.

Пхеньянға белгілі болғанындай, оңтүс­тіктегі белсенділер тобы Солтүстік Корея аумағына жергілікті билікті сын тезіне алған парақшалар лақтыруды жоспарласа керек. Парақшалар діттеген жеріне қалай жет­кізілмек деген мәселеге келсек, белсенділер оларды шекаралас провинцияға әуе шарлары арқылы жібермек болған. КХДР жағы мұн­дай акция Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бакпен келісілген десе, кейбір дерек көздері бұған пре­зи­денттің қатысы жоқ, парақ­шаларды оңтүстіккореялық бел­сенділер ұйымдастырып отыр дегенді көлденең тартады.

 

Татарлар босқындар емес

Украина Премьер-министрі Николай Азаров өкілдері 1940-жылдары Қырымнан жаппай күштеп көшірілген Қырым татарларын өздерін депортацияланғандар деп атауды тоқтатуға шақырды. Бұл жөнінде үкімет басшысы Симферопольде азаматтармен кездескен кезінде мәлімдеген.

«Сіздер өздеріңізді депортацияланған­дармыз деп атауды доғарасыздар, өйткені, сіздер кәдімгі біздің азаматтарсыздар, сіздер біздің қалаға, біздің халыққа сіңісіп кеттіңіздер, сөйтіп, біздің толыққанды бөлшегіміз болып отырсыздар», деп атап көрсеткен Н.Азаров. Сонымен қатар, ол Қы­рым татарларының бірқатар шешілме­ген әлеуметтік проблемаларының бар екенін де жасырмай айтып, оларды шешуге күш-жігер жұмсалатынын жеткізген.

 

Қыз алып қашпа, қарағым!

Қырғызстан парламенті екінші оқылымда қыз алып қашқанға жауапкершілікті қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдады. Қылмыстық кодекске аталған өзгерісті қолдап, мәжіліске қатысқан депутаттардың 75-інің 63-і өз дауыстарын берген.

Заң жобасына билеуші «Ар-намыс» коалициясы фрак­циясының депутаты Айнуру Алтыбаева бастамашылық жасаған. Қабыл­данған түзе­ту­лерге сәйкес, әйелді мәжбүрлеп некеге отырғызу үшін жаза 7 жыл деп белгіленіп отыр екен. Бұған дейін жаза 3 жылға дейінгі мерзімді белгілейтін. Егер кәмелетке толмаған қыз бала алып қашы­латын болса, онда кінәлі деп табылған адам 10 жыл бас бос­тандығынан айырылатын болады.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

 АҚШ президенттігінен үміткерлер – қазіргі президент, демократ Барак Обама мен республикашыл Митт Ромни арасындағы теледебаттың екінші кезеңінде Б.Обама сәл басымдықпен жеңіске жетті делініп отыр. Әрине, қараша айында өтетін президенттік сайлауда кімнің аты озатыны әзірше белгісіз.

  Қырғыз басшылығы ел тәуелсіздігінен бері сыртқа заңсыз жы­лыстатылған активтерді, оның ішінде қаржы-қаражаттарды қайтарумен айналысуға шешім қабылдады. Бұл үдерісте ел билігі халықаралық қоғамдастықтың көмегіне ие артпақ. Бір Қ.Бакиевтің өзі шетке 20 миллион доллар жылыстатқан деген сөз бар.

  Ресейде 2020 жылға қарай арақтың жарты литрінің бөлшектік бағасы орташа алғанда 1000 рубльге дейін қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды ұлттық алкоголь саясаты орталығының жетек­шісі Павел Шап­кин жасап отыр. Оның пікірінше, бағаның осылайша өсуі  үкі­меттің ішімдік тұтынуды қысқарту туралы міндетімен сәйкес келеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.