• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2012

Дүбірге толы дүние

240 рет
көрсетілді

Дүбірге толы дүние

Жұма, 26 қазан 2012 7:12

 Таразы басы теңселіп тұр

АҚШ-тағы президенттік сайлауға он күн қалды. Сірә, осы он күн америкалықтардың ғана емес-ау, басқалардың да назарында жүретін болар. Президенттің кім болатыны басқалар үшін де маңызды. Бұл ел – әлемдік көшбасшы. Көп ел соған қарап көшін түзейді.

 

Жұма, 26 қазан 2012 7:12

 Таразы басы теңселіп тұр

АҚШ-тағы президенттік сайлауға он күн қалды. Сірә, осы он күн америкалықтардың ғана емес-ау, басқалардың да назарында жүретін болар. Президенттің кім болатыны басқалар үшін де маңызды. Бұл ел – әлемдік көшбасшы. Көп ел соған қарап көшін түзейді.

Тартысқа түскен екі қошқар жұртқа белгілі. Қазіргі президент Барак Обама өткен төрт жылда әлемге танылып үлгерді. АҚШ-тай алып елді дағдарыстан, оның зардабынан алып өтті. Оның сыртқы саясаты біраз жұрттың көңілінен шықты. Ауғанстаннан әскерін әкетуге нық қадам жасады. Түрлі қайшылықтарға аралас­ты, қақтығыстарға барған жоқ. Лаңкестікті ауыздықтай алмаға­ны­мен, «әл-Каиданың» көсемі Бен Ладенді құрықтады. Санай берсе, біраз іс бар.Массачусетс штатының бұ­рынғы губернаторы, республика­шылардың бәйгеге қосқан жүй­рігі Митт Ромни туралы мұн­дайды айта алмайсың. Әзірге оның алға тосары – уәделер, қар­сыласына сын айту. Рас, өзінің қарым-қабілетін сайлау алдын­да­ғы науқанда, ең алдымен, республикашылар партиясындағы кү­ресте аңғартқан, өзінің партия­лас­тары ішінде жоғары лауазым үшін күреске бірден-бір лайықты қайраткер екенін дәлелдеген.Ат үстіндегі президенттің бұл күресте артықшылығы да, кемдігі де болады. Жасаған ісің жұрттың көз алдында, ол ұмытыла қойған жоқ. Сонымен бірге, біткен іске сыншы көп, тындыра алмағаның да, қадір-қасиетің де бадырайып көрініп тұрады. Барак Обама, қа­ра нәсілден шыққан алғашқы президент, осындай сынға түскен. Қарсыласы өз партиясынан даралану үшін арпалысып жатқанда, ол мемлекет шаруасымен айналысып жатты. Ромнидің жөні бөлек­теу еді. Ол басқаларды өз сөзіне иландыра білсе ғана ұтады. Партия ішіндегі күресте ол сондай қабілетімен ерекшеленді. Обамамен алғаш тікелей жеке шық­қан­да да ол солай көрінді. Артықтау дауыс жинады.Жалпы, бұл елде теледебат­тардың орны бөлектеу. Үміткер­лер көптің көз алдында өз пайымдарын ортаға салады. Бұл дауыс беру болмағанмен, жұрт сол пі­кір­та­лас­қа қарай шешім жасайды. Үшінші теледебаттың тақырыбы сыртқы саясат болды. Екі үміткер бір-бірін аяқтан шалды. Жұрттың пікірінше, Обама шалымдылау көрінді. Ол өз саясатында лаң­кестікпен күресте біраз жұмыс тындырғанын, «әл-Каиданың» кө­­семі Усама бен Ла­денді жой­ғанын алға тосты…Пікірталас біраз жайды қоз­ғады, тіпті ол экономикаға да ауысып кетіп отырды. Оның бәрін қайталап жатудың қажеті болмас. Көрермендердің, сарапшылардың пікірі Обама жағына ойысты. Си-би-эс өткізген сауалдама бойынша жауап бергендердің 53 пайызы Обама жеңді десе, Ромниді 23 пайыз қолдапты. Ал Си-эн-эн агенттігінің пікірінше, бұл көр­сеткіштер 48 және 40 пайызды құраған. Ал Эн-би-си-дің жек­сен­біде өткізген сауалдамасы бойынша оларды қолдайтындардың саны тең – 47 пайыз көрінеді.Таразы басы теңселіп тұр­ғандай. Сайлау тағдырын Огайо, Вирджиния және Флорида сияқ­ты әлі үміткерлердің біріне толық ықыласы ауа қоймаған штаттар шешпек. Сөйтсе де бұл штат­тардағы таңдаушылардың 325-і Обаманы қолдаса, Ромниді қол­дайтындар – 213 қана. Жұрт соған да қарайды. Жалпы, бұл елде сайлаудың біраз ерекшелігі бар. Тіпті соңғы сәтке дейін таразы басының кімге қарай ауатынын дәл аңғару қиын. Жұрт содан да 6 қарашаны күтеді.

Грузиндердің арманы орындала ма?

Грузияда үлкен өзгерістер болып жатыр. Жақында өткен парламенттік сайлауда оппозициялық блок жеңіске жетіп, үкімет құру құқына ие болды. Атқарушы билікті қолына алған оппозиция үлкен өзгеріс жасайтындарын мәлімдеді.

Әлем жұртшылығының назары сондықтан да осы елге ауып отыр. Кезінде билікке жартылай күш қолдану жолымен жеткен президент Михаил Саакашвили жақтастары енді оппозицияға айналды. Олардың биліктегілермен ара-қатынасы қандай болар екен, саяси күштердің ара салмағының өзгеруі ел өміріне қалай әсер етеді деген мәселе күн тәртібіне шықты.Сайлаудан кейін парламент­тегі 150 орынның 85-ін «Грузин арманы» коалициясы иеленсе, бұрынғы биліктегі «Бірегей ұлт­тық қозғалыс» партиясына 65 орын тиді. Президент Михаил Саакашвили қарсыластарын жеңісі­мен құттықтады және өздерінің оппозицияға көшетіндерін мәлім­деді. Мұны да мәрттікке баға­лаған жөн болар.Көпке созбай парламент өз құрылымдарын айқындап, бас­шы­­лығын сайлап алды. Барлығы да бұрыннан белгілі саясаткерлер. Ал оппозициялық коалиция­ның көсемі болған, жеңістен кейін үкіметті басқаруға тиіс Бидзина Иванишвили туралы айрық­ша айтуға тура келеді. Парла­менттік сайлауда басты кейіпкер Иванишвилидің болуы оның мол қаржысымен қатар, сыртқы күш­терден де айтарлықтай қолдау тапқанынан десек қисынды. Бұ­рын оппозиция көбіне жеке қи­мылдаса, Иванишвили олардың басын қоса білді.Кейде жеңіле білгенді де ба­ғалаған жөн-ау дейсің. Осы жерде әртүрлі әрекетімен, мінезімен әр қилы әсер қалдыратын Саакаш­вилидің ұстамдылығы, парасатты қадамдары біраз жұртты таң­дан­дырды. Ең алдымен Иванишвилиге Грузия азаматтығын қайтарды. Ол бұрын басқа екі елдің азаматы болған соң, Грузия азаматтығы­нан шығарылған еді. Президент жаңа сайланған парламентті ашар­да сөйлеген сөзінде бағдар­ла­малық біраз пікір-идеяларды алға тосты. «Біз бір-бірімізге жау емеспіз, тек оппоненттерміз», деген сөзін өз жақтастары да, қар­сыластары да қабылдаса керек-ті. «Мен жаңа парламентті еш нәр­сені қиратпай, халыққа берген уәделерін орындауға шақырамын, ал оппозицияны өз елінің жауы болмауға шақырамын», деген сөзі де ынтымақты көздегендік.Сөйтсе де, оппозицияның жү­регі жібімейтін сияқты. Парла­ментті ашуға президент келгенде, жеңіске жеткен коалиция депутаттары оны орындарынан тұрып, қол соғып қарсы алмады. Оны өздерінше Саакашвилидің «авт­о­ри­тарлық режіміне қарсылық» деп түсіндірді. Қалай дегенде де, өркениетті дәстүрді, ұлттық мүд­дені өкпеге жеңдіруге болмас. Саакашвили жақсы сөйледі. Билікке келгендер оған да құптау білдір­меді. Өздерін жақсы ұсынысқа, игі іске қарсыдай әсер қалдырды.Оппозиция билікке келді. Олар өз жеңістерін баянды ете ала ма, грузиндердің арманын жү­зеге асыра ала ма? Саакашвили өз же­ңілісін мойындаса да, онымен келісе қоя ма? Грузин қауы­мында оны жақтайтындар аз емес. Демек, күрес жалғасса керек.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».