• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2012

Шарайна

270 рет
көрсетілді

Шарайна

Бейсенбі, 1 қараша 2012 7:07

«Сэнди» құрбандары 42 адамға жетті

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-тағы «Сэнди» дауылы құрбандарының саны 42 адамға жетті. Қаза болғандар Коннектикут, Мэриленд, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Солтүстік Каролина, Пенсильвания, Вирджиния және Батыс Вирджиния штаттарында тіркеліп отыр.

 

Бейсенбі, 1 қараша 2012 7:07

«Сэнди» құрбандары 42 адамға жетті

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-тағы «Сэнди» дауылы құрбандарының саны 42 адамға жетті. Қаза болғандар Коннектикут, Мэриленд, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Солтүстік Каролина, Пенсильвания, Вирджиния және Батыс Вирджиния штаттарында тіркеліп отыр.

Тұтастай алғанда, дауылдан көз жұм­ғандардың жалпы саны бүгінде 110 адамға жетіп жығылады. Қаза тапқандар АҚШ-тан басқа Канадада, Пуэрто-Рикода, Кубада, Ямайкада және Гаитиде тіркелген. Ал бір Нью-Йорк қаласының өзінде көз жұмған­дар 18 адамды құрайды. Қала мэрі Майкл Блумбергтің мәлімдеуінше, құрбандықтар саны жақын арада өсуі ықтимал. Осы аралықта Нью-Йоркте құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Кейбір бағамдаулар бойынша, дауыл АҚШ-қа 45 миллиард доллар шығын әкелуі мүмкін.

 

НАТО-ның екі әскериі өлтірілді

Ауғанстанда жергілікті полиция киімін киген ер адам Ауғанстандағы халықаралық коалицияның екі әскери қызметшісін атып өлтірген. Бұл туралы «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Қақтығыс Ауғанстанның оңтүстігіндегі Грешк провинциясында орын алған.

Агенттікке белгілі болып отыр­ғанын­дай, өлтірілген әскери қызметшілер британ солдаттары көрінеді. Ұлыбритания қор­ғаныс министрлігіндегілер өлген солдаттар Ауған­стандағы НАТО коа­лиция­сы құра­мында қызметтерін өтеп жүрген қызметк­ерлер еке­нін қуаттаған. Бірақ олардың қай ұлтқа жататындары туралы ештеңе хабарланбайды. НАТО өкілдерінің сөздеріне қарағанда, әскери­лер­ге шабуылдардың 25 пайызын «Талибан» содырлары жүзеге асырады.

 

Арафат мәйіті эксгумацияланады

Франция үкіметіндегі дерек көзі «Ассошейтед Пресс» агенттігіне құпия түрде осы елдің мамандары қараша айында Палестинаның Ясир Арафат жерленген  Рамалла қаласына баратынын, сөйтіп, бұрынғы Палестина басшысының мәйітіне эксгумация жүргізетінін хабарлаған.

Француздар осылайша биологиялық материалдарға зерттеу жүргізіп, 2004 жылдың қарашасында қайтыс болған Палестина көшбасшысы өлімінің себебін анықтау ниетінде көрінеді. Мұндай тексеру жүргізуге «Әл-Жазира» телеарнасының Арафат радиоактивті полоний-210-мен уланған деген нұсқа ілгерілеткені себеп болып отыр. Ал эксгумация жүргізіп, биологиялық материал­ды тексеру туралы өтінішті француздарға Арафаттың туыстары мен Палестина басшылығы жасапты.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

 2011 жылдың 24 қаңтарында Мәскеудің Домодедово әуе­жа­йында жасалған лаңкестіктен зардап шеккен әйел әуежай әкім­шілігінен өтемақы ретінде 50 миллион рубль талап еткен. Сол теракт салдарынан 37 адам опат болып, 160-тан астамы жара­ланғаны белгілі.

  Сауд Арабиясында 25 адам тоқ соғып өлсе, тағы 30-ы түрлі дене жарақатын алған. Олардың барлығы елдің шығысында ор­наласқан Айн Бадр ауылындағы үйлену тойына жиналғандар екен. Жергілікті полиция оқиғаны тергеуге кірісіп кеткен.

 

Жаңа кабинетті жасақтатпады

Ливияда демонстранттар Жалпыұлттық конгресс ғимаратына басып кіріп, министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекіттірмей тастаған. Бұл жөнінде «Ассошейтед Пресс» агенттігі хабарлады. Жаңа үкіметтің ұсынылған құрамына наразы жүз шақты адам осылай жасаған дұрыс деп шешкен.

Оқиға Ливия парламентінің төрағасы Мохаммед әл-Магриф депутаттарды министрлер кабинетінің құрамы бойынша дауыс беруге шақырған сәтте орын алған. Ли­виядағы Жалпыұлттық конгресс үсті­міздегі жылдың шілдесінде сайланған болатын. Сөйтіп, азамат соғысы кезінде жасақталған Өтпелі ұлттық конгрестің өкілеттігін қабылдап алған еді. Ал жаңа үкіметтен кейін елде президенттік және парламенттік сайлаулар өтуі тиіс.

 

Венгрияға орнығу құны – 250 мың еуро

Венгрия басшылығы құны 250 мың еуродан кем тұрмайтын мемлекеттік облигацияларды сатып алған шетелдік азаматтарға резидент мәртебесін беруді ұсынды. Бұл заң жобасы Венгрияның ұлттық қарызын жоюға жәрдемдесуі тиіс. Ал мұндай ұсынысты билеуші «Фидес» партиясының депутаттары жасаған.

Ұсыныс Еуроодаққа мүше елдер тарапынан сынға ұшырап отыр. Өйткені, мұндай ұсынысты Қытай азаматтары белсенді пайдалануы мүмкін деген болжам бар. Венгрияның өзі Еуроодаққа 2004 жылы қабылданған болатын. Елдің қазіргі кездегі қарызы ІЖӨ-нің 85 пайызын құрайды. 3-4 жылда қайтарамыз деп Будапешт қарызға сұраған 15-20 миллиард долларды Халықаралық валюта қоры бергенімен, үстіміздегі жылы Еуроодақ басшылығы Венгрияға өз қорынан ақша бөлуден бас тартқан болатын.

 

Депардье үшін сценарий жазды

Француздың атақты актері Жерар Депардье өзбек фильміне түсуге алдын ала келісімін берген. Бұл туралы «Алтын гепард» халықаралық Ташкент кинофорумының бас директоры Акбар Хакимов мәлімдеген. Жергілікті басылымның хабарлауынша, Депардье түседі деп күтіліп отырған фильмнің сценарийін Акбар Хакимов Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримовамен бірлесіп жазыпты.

Бұл жерде әңгіме оқиғасы V-VІ ға­сырларда Орталық Азияда өрбитін тарихи сериал туралы болып отыр. Француз актері фильмде Еуропадан келген мо­нахтың кішігірім рөлін ойнайтын көрінеді. Ал Г.Каримованың өзі «Өзбекстанның мәдениеті мен өнері форумы» қорына басшылық жасаса, қор отандық кинематографты қо­лынан келгенінше қолдап келеді екен. Өзбекстан басшысының үлкен қызы сондай-ақ өлең жазып, зергерлік бұйымдар, косметика және өзінің «Guli» брендімен киім-кешек шығарумен де айналысатыны белгілі.

 

Интернет материалдары негізінде әзірленді.