• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2012

Қауіпсіздік шаралары қамтылуда

448 рет
көрсетілді

Қауіпсіздік шаралары қамтылуда

Бейсенбі, 13 желтоқсан 2012 7:13

Бүгінде елордадағы қылмыстық жағдай тұрақты қалпында тұр. Алдын-ала қолға алынған шаралардың нә­тижесінде ауыр және аса ауыр, соның ішінде кісі өлтіру, қарақшылық сияқ­ты қылмыстар азайды. Жалпы, осы қылмыстардың 65 пайызын ұрлық алып отыр. Дегенмен, ол ұрлықтардың материалдық шығыны аз мөлшерді құрайды. Қазіргі уақытта астаналық полиция қызметкерлері осы қылмыстарды болдырмау мақ­сатында түрлі профилактикалық жұ­мыстар жүргізуде. Бұл тура­лы кеше қалалық мәслихаттың бесінші шақырылымының кезекті он бірінші сессиясында айтылды. Онда Астана қаласы ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және елордамыздағы қыл­мыс­ты болдырмауға қатысты профилактикалық жұмысты күшейту мәселесі қаралды.

Бейсенбі, 13 желтоқсан 2012 7:13

Бүгінде елордадағы қылмыстық жағдай тұрақты қалпында тұр. Алдын-ала қолға алынған шаралардың нә­тижесінде ауыр және аса ауыр, соның ішінде кісі өлтіру, қарақшылық сияқ­ты қылмыстар азайды. Жалпы, осы қылмыстардың 65 пайызын ұрлық алып отыр. Дегенмен, ол ұрлықтардың материалдық шығыны аз мөлшерді құрайды. Қазіргі уақытта астаналық полиция қызметкерлері осы қылмыстарды болдырмау мақ­сатында түрлі профилактикалық жұ­мыстар жүргізуде. Бұл тура­лы кеше қалалық мәслихаттың бесінші шақырылымының кезекті он бірінші сессиясында айтылды. Онда Астана қаласы ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және елордамыздағы қыл­мыс­ты болдырмауға қатысты профилактикалық жұмысты күшейту мәселесі қаралды.

Қалалық мәслихат сессиясының жұмысында Астана қаласында қыл­­мыстың алдын алу және про­фи­лактикалық жұмыстардың жүр­гізілуін күшейту мен нығайту туралы елордалық ішкі істер депар­таментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров есеп берді. Оның сөзіне қарағанда, орын алған қылмыстарды жаппай тіркеуге байланысты арыздардың көптігіне қарамастан жағдай тұрақты қалыпта. Қылмыспен күрес пен оны болдырмаудың алдын-алу мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұ­­мыстармен қоса полиция қыз­мет­керлерінің назарынан басқа да салалар тыс қалмауда. Сонымен қатар қалаға келуші мигранттардың саны күрт өсуіне байланысты олардың заң бұзушыларына қатысты тиісті шаралар қолданылуда.Ішкі істер департаменті жұмысында басым бағыт қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің еншісінде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елордамызда тазалық пен тыныштықты сақтау барысында көп жұмыс атқарылды. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап қоғамдық қауіпсіздікке қарсы 44 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, анықталған. Ұсақ бұзақылық пен қоғамдық орындарда қоқыс тас­тау құқық бұзушылығы бойынша 106 адам әкімшілік қамауға алынды. Тиесілі аймақта уақытында тазалау жұмыстарын жүргізбегені үшін 110 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолға қоқыс тастағаны үшін 17,5 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды.Полиция қызметкерлерінің қа­білеттілігі мен әскери дайындықтарын арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысының Жарлығына сай Ішкі істер депар­таментінің барлық жеке құрамы кезектен тыс аттестаттаудан өткізілді. Оның қорытындысы бойынша өңірлік аттес­таттау комиссиясының шешімімен 502 қызметкер атқарып отырған қызметіне сай емес деп танылды, 115 қызметкер ішкі істер қызметінен босатылды.Өткізілген кезектен тыс аттестаттау бізге өз мамандығына адал қызмет ететін қызметкерлерді таңдап алуға жол ашты әрі қатарымызды беделімізді түсіретін қызметкерлерден тазартуға мүмкіндік берді, дейді Ішкі істер департаментінің бастығы.Бұдан әрі ол Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеге тоқ­талды. Өйткені, Халықаралық EXPO – 2017 көрмесі біздің елімізде өтетін ең маңызды іс-шаралардың бірі, оған дайындық сақадай сай болуы керек. Іс-шарада Астана қаласы ІІД полиция қызметкерлерінің ат­қаратын жұмыстары көп, көші-қон бақылауы, келген қонақтардың жә­не белгіленген нысандарда тиісті қо­ғам қа­­уіп­­сіз­­­­­дігін қамтамасыз ету полиция қыз­­­меткерлерінің міндеті.Баяндаманы мұқият тыңдаған қатысушылар оны талқыға салып, өз ойларын білдірді. Елордалық полиция бастығы мәслихат депутаттары мен қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Олардың сұрақтарының басым көпшілігі полиция жұмысы мен қылмыстың алдын алуға қатысты болды. Өйткені, алдында ғана депутаттар ішкі істер департаменті мен басқармаларын аралап, олармен бірге түнгі рейдтерге шыққан еді. Халық қалаулылары полиция қызметкерлерінің қандай жағдайда жұмыс атқаратындығымен, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік саласында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын жаңа технологиялармен де танысты.

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».