Сәрсенбі, 5 желтоқсан 2012 6:57
Талдықорған қалалық сотының үйінде әскери қызметші В.Челахтың ісі бойынша ашық сот процесі жалғасуда. 4 желтоқсанда сотталушының қорғаушыларының сот процесіне қатыспауына байланысты олардың сотқа келмеу себептерін анықтау мақсатында екі рет үзіліс жарияланды.

Адвокат С.Сәрсеновтің сырқат екенін айғақтайтын құжаттар әзірше сотқа түскен жоқ. В.Челахтың екінші қорғаушысы С.Эстияров та өзінің сырқат екенін және әлі айықпағанын хабарлады. Осыған байланысты сот оны, Эстияров сияқты құпия құжаттарды қарауға рұқсаты бар, Алматы облыстық алқасының адвокаты Жұмағайша Саржановамен ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Сотталушы Челах сот отырыстары залына жеткізілді. Ол адвокат Сәрсеновсіз процеске қатысудан және жауап беруден бас тартты.
Осыдан кейін төрағалық етуші судья Е.Ахметжанов іс бойынша, олардың ішінде тергеу ұсынған бейнематериалдардың шынайылығы туралы сарапшылардың қорытындысы да бар, жүргізілген сараптамалардың нәтижелерін хабарлауды жалғастырды.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі.