Сәрсенбі, 28 қараша 2012 7:29
Талдықорған қалалық сотының ғимаратында әскери қызметшісі В.Челахтың үстінен сот процесі жалғасуда. 27 қарашада сотталушы сот мәжілісі залына келуден кезекті рет бас тартты.
Сотталушының адвокаты С.Сәрсенов оқиға орнында қару-жарақ жарылысының болғанын анықтау үшін криминалистикалық баллистикалық сараптама мен қайтадан жарылыс техникасы сараптамасын тағайындау туралы өтініш білдірді. Бұл өтініштерді сот ашық қалдырып, куәларды сұрауды одан әрі жалғастырды.

Сот Челахпен бірге қызмет еткен әскери қызметшілерден жауап алды. Куәлар сотталушының мінез-құлқы мен өздерінің онымен қарым-қатынасы туралы баяндады. Сондай-ақ, «Сарыбөктер» заставасынан «Арқанкергенге» шолғыншылыққа жіберілген және өртеніп кеткен шекара бекетін бірінші болып көрген 2484 әскери бөлімнің әскери қызметшілерінен жауап алынды.
Сотта зардап шеккендердің өкілдері Р.Қыдырәлиева мен Т.Рей сөз сөйледі. Олар соттан істі қарауды олардың қатысуынсыз жалғастыруды сұрады. Оның сыртында қаза тапқан солдат Д.Рейдің анасы тергеу жолымен анықталған өзінің ұлының мүрдесін жерлегісі келетінін жеткізді.
Осыдан кейін сот оқиға болған жерді қараған және қаза тапқандардың денелері табылған жазбалар бар бейнетаспаны қарауды жалғастырды.
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.