• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Сәуір, 2019

А. Мамин Петербург трактор зауытының бас директорымен кездесті

567 рет
көрсетілді

Асқар Мамин «Петербург трактор зауыты» АҚ бас директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері және Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланды. Зауыттың бас директоры Сергей Серебряков тракторларды құрастыруды ұйымдастыру, құрамдас бөліктері: айқартопсалы білік, дөңгелек дискілері және «АгромашХолдинг KZ» қуаттылығында басқа да жиынтық бөліктері өндірісін құру бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. 

Өндірісті жергіліктендіруді үш кезеңмен: 2019, 2021, 2023 жылдары іске асыру жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен бірлесіп бірлескен ынтымақтастықты іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. 

Қазақстанда «Петербург трактор зауыты» АҚ өнімі сұранысқа ие. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл сайынғы сұраныс шамамен 400 тракторды құрайды.