• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Жұмыс берушілерге сабақ болды

284 рет
көрсетілді

Жұмыс берушілерге сабақ болды

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:12

Жаңа­өзен­де­гі қай­ғылы оқи­­ға­ның сыры ен­ді ашыл­ға­лы отыр. Бас Проку­рор­дың мәлім­де­ме­сінде ай­­тылғандай, өңір­дегі бү­лік мұ­найшы­лар­дың ұзақ ереуіл­де­рі­нің және әлеуметтік теңсіз­дік­тің сал­дары­нан болғаны жасы­рын емес. Міне, осындай себептерді ұтымды пайдалана білгендер жаппай тәр­тіпсіздік ұйым­дас­тыруға әрекет еткен. Әрине, оның соңы қай­ғылы оқиғаға ұлас­қаны барша­ның қабырғасын қайыстырды. Жаңаөзендегі тұр­ғындар абдыра­ған сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқиға ор­нына барып, жұртшылықтың кө­ңі­ліне сенімді ұялата білді. Үкі­метке қаза тап­қан­дар мен зардап шеккендер от­басыларына қол­дау көрсету мен бүлінген ғи­ма­рат­тар­ды қал­пы­на келтіруді, ал құқық қорғау ор­ган­дары­на оқи­ға­ның се­беп-салдарын анықтауды тап­сырды.

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:12

Жаңа­өзен­де­гі қай­ғылы оқи­­ға­ның сыры ен­ді ашыл­ға­лы отыр. Бас Проку­рор­дың мәлім­де­ме­сінде ай­­тылғандай, өңір­дегі бү­лік мұ­найшы­лар­дың ұзақ ереуіл­де­рі­нің және әлеуметтік теңсіз­дік­тің сал­дары­нан болғаны жасы­рын емес. Міне, осындай себептерді ұтымды пайдалана білгендер жаппай тәр­тіпсіздік ұйым­дас­тыруға әрекет еткен. Әрине, оның соңы қай­ғылы оқиғаға ұлас­қаны барша­ның қабырғасын қайыстырды. Жаңаөзендегі тұр­ғындар абдыра­ған сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқиға ор­нына барып, жұртшылықтың кө­ңі­ліне сенімді ұялата білді. Үкі­метке қаза тап­қан­дар мен зардап шеккендер от­басыларына қол­дау көрсету мен бүлінген ғи­ма­рат­тар­ды қал­пы­на келтіруді, ал құқық қорғау ор­ган­дары­на оқи­ға­ның се­беп-салдарын анықтауды тап­сырды. Мемлекет басшысының құ­қық қорғау органдарына берген тапсырмасынан кейін мұнай­шы­лар ереуілінің түп төркіні ашыла бастағандай. Бас Прокурордың мәлімдемесінде айтылғандай, Жа­ңаөзендегі жергілікті билік пен мұнай компанияларының бас­шылары жемқорлық әрекетке барған. Яғни, бірнеше миллион теңгені ұрлап, өз пайдаларына жаратпақ болған ғой. Ірі кө­лем­де­гі мол қаржыны ұрлаудағы заң­сыздықтың орын алғаны мұнай­шыларды әбден ызаландырған. Міне, Жаңаөзен оқиғасының неден басталғаны осыдан-ақ бай­қалады.

Әрине, Елбасы дер кезінде оқиғаның неден бастау алғанын анықтауға тапсырма бермесе, бұл заңсыздықтар анықталмауы да мүмкін еді. Енді кінәлілер қатаң жазаға тартылуы қажет. Өйткені, аптап ыстыққа, қақаған аязға төзе жүріп мол мұнай өндіруге бел шеше кіріскен мұнайшылардың, олардың отба­сы­ларының әлеу­меттік тұрмысы үшін бөлінген мол қаржы аш­көздікпен ұрла­ған­дардың әре­кетінен Жаңаөзен тұрғындары зардап шекті. Әлеу­меттік теңсіз­діктің асқынуы еш­қашан жақ­сылыққа апармайтыны өзге өңір­лердегі атқарушы билікке, жұ­мыс берушілерге әрдайым сабақ болуы тиіс.Әбілхан ТӨЛЕУІШЕВ, «Қазақ тілі» қоғамының Атырау облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.Атырау облысы.