• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2019

1 маусымнан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің төлемақысы 30 пайызға артады

717 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.

«Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Министрлік Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті», деді Елжан Біртанов.

Біріншіден, қолжетімділікті арттыру мақсатында алғашқы медициналық көмек дәрігерінің жүктемесін төмендету және 1 объектіге келетін учаскелер санын 20-дан 10-ға дейін азайту жоспарланып отыр. Екіншіден, алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту және учаскелік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің төлемақысы 30 пайызға артады. Үшіншіден, барлық алғашқы медицина ұйымдарында ақпараттық жүйе енгізіліп және азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалады, деді Министр баяндамасында.