Министр баяндамасында жалпы алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында қабылданған шараларға тоқталып өтті.
1) алғашқы медициналық көмектің профилактикалық жұмысын күшейтуге, соның ішінде:
онкологиялық ауруларды ерте анықтауды 2019 жылы 25,5%-ға, 2022 жылы 33,5 %-ға дейін жеткізуге;
2) негізгі созылмалы аурулар кезінде емдеуге жатқызуды 5%-ға төмендету арқылы алғашқы медициналық көмек сапасын арттыруға; 3) қаржылық тұрақтылық пен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге; 4) халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде өмір сүру ұзақтығын 73,21 жасқа жеткізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Е. Біртанов.