• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2019

Атырауда өткен бас инженерлер форумында еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері талқыланды

457 рет
көрсетілді

28-29 наурызда Атырауда «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелері бас инженерлерінің форумы болып өтті. Шараның өткізілу орыны ретінде бұл өңірдің таңдап алынуы кездейсоқ емес. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірде бірде бір өндірістік жарақат оқиғасы орын алмаған.

Еліміз әр өңіріндегі теміржол кәсіпорындарының мамандары еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамассыз етудің маңызды мәселелерін талқыға салды.

Форумда сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас инженері Батыр Котырев өндірістік жарақаттарды төмендету, қызметкерлер үшін еңбек жағдайының қауіпсіздігін құру Компания жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығын атап көрсетті.

 Форумда «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері сөз алып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, Магистралдық желі дирекциясындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайы туралы жан жақты хабардар етті.

 Кәсіподақ комитеті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдерінің қатысқан шарада еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару саясатын жүзеге асыру, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестігі мәселелері қаралды.  

Форумда мамандар халықаралық «нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ескере отырып, қызметкерлер өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұсыныстарды ортаға салынды.   

Форумға қатысушылар Атырау мен Махамбет станциялары өндірістік бөлімшелерінде болып, қауіпсіз жұмыс жүргізу тәжірибелерімен бөлісті.  

Шара аясында  көптеген жылдар жарақатсыз жұмыс істеген кәсіпорындар «Сенім сертификаттарына» ие болды. Сертификатқа ие болғандар еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік жағдайын бағамдайтын кезекті жоспарлы тексеруден босатылады.

Форум шеңберінде қауіпсіздік құрал-жабдықтары мен арнайы киім  көрмесі де өткізілді.