Бейсенбі, 9 ақпан 2012 8:17
Қазіргі заманның ақпараттық ағыны керемет. Дүние жүзінде болып жатқан ірілі-ұсақты оқиғаларды күнделікті әлем жұртшылығына жеткізіп тұрады. Алыстағының жаңғырығы ғана жетсе, өз аймағындағы оқиғаға ешкім де бейжай қарай алмайды. Өйткені, өгізге туған күн бұзауға да тумай ма? Қаншама жантүршігерлік оқиғаларға бой үйренді десек те, соңғы кездегі адамдардың бір-біріне қару қолдануы кімнің де болса жүрегіне қорқыныш ұялатады. Бәрінен де бесіктен белі шықпаған жастардың өз мәселелерін суық қарумен шешпек болғаны бәрібір біздің қоғамға жат құбылыс екені даусыз. Оның алдын алмасақ, түптің түбінде жағдай мүлдем ушығып кетуі ықтимал.

Орыс халқы айтқан ғой «Факты – упрямая вещь» деп. Енді айғаққа жүгінейікші. Алматы облысының Қаратал ауданында өткен жылы жантүршігерлік оқиға болды. Бір шаруа қожалығының бастығы қасына жай қызметшісін алып, мал қыстауларына шығады. Соғымға мал іздеген болса керек. Айдала, ақ дала құла дүз болған соң, ол мылтығын ала шығыпты. Аң ауламақ болды ма? Әлде дәулетті болған соң, сақтықпен ылғи солай қаруланып жүре ме? Ол жағы жұмбақ. Әрине, қыстауда қона жатып, ас ішіп, көңіл көтереді. Ішкілік те қойылған шығар. Онсыз қазір дастарқанның «сәні» келе ме?Қалай болғанда да, серіктес жұмысшы мен қожайынның арасында кикілжің болады. Қожа болған соң, мал соятын жас жігітті ұрып тастаған екен деген болжам айтады ел-жұрт. Оның анық-қанығын тергеу орындары айқындап та жатыр. Өкінішке қарай, өзара ұрыс-керістің арты қайғылы аяқталады. Қызметші шаруа қожалығының жетекшісін өз мылтығымен атып тастайды. Өлгеніне көзі жеткенде құла дүзге беталды қаша жөнеледі. Мылтықты да ала кетеді. Арада бір тәулік өтпей қыстаудан 70 шақырым жерден аудандық ішкі істер бөлімінің оперативтік тобы қашқынды қуып жетеді. Одан өз еркімен берілуін өтінеді. Бірақ адам өлтірудің құнын білетін жас жігіт тағы мылтық атады. Бұл жолы өзін көздепті. Құдай да алатынын ғана алады ғой. Жігіт өлмей тірі қалады. Қазір Талдықорған қаласында емханада жатыр. Есігінде күзетші тұр.Бұл бір ғана кездейсоқ оқиға болса, оны мәселе ғып көтермес те едік. Бұдан кейін тағы бір әумесер қыстауда тағы бір жұмысшыны атқан деген хабар тарады. Ол ол ма, облыс орталығында мейрамханадан шыққан жастар өзара керісіп қалып, бір-біріне қару қолданған. Соның салдарынан 23 жасар жігіт қаза тапты. Бірнеше серіктері ауруханада жатыр. Ол да қараталдық еді. Шағын ауданда аз уақытта бірнеше адам атыстан өлгенде қорқыныштан көкейіңе неше қилы ойлар оралады екен. Жаппай қарулансақ не боламыз?Қазір ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аудан жұртшылығына үндеу тастап, өз еркімен қаруларын сатуды өтініп жатыр. Әрине, қаруларын саудалап жатқандар да баршылық. Бірақ жаппай үрдіске айнала қойған жоқ. Айналмас та. Сол қаруларды жұртшылық құқық қорғау мекемесінің рұқсатымен алып жатыр ғой. Солардың бәрінің ақыл-есі дұрыс па екен? Бала-шағасында ауытқығандар жоқ па екен? Қаруланғандарда психиатрдың дені сауын растайтын анықтамалары бар ма екен? Жоқ. Жоқ. Тағы жоқ. Ендеше қатер бар деңіз. Ал оқталған мылтық атылмай тұрмайды. Бәрінен қымбат – адам өмірі. Ойланайық, ағайын.Мәкен ӨСЕРБАЕВА.Алматы облысы,Қаратал ауданы.