• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды

1149 рет
көрсетілді

Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Бұл туралы Ақмола облысының ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және қалалық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң ағымдағы жылғы 3 сәуiрдегi өкiмiмен Амангелдi Халауденұлы Смаилов қала әкiмi болып тағайындалды.

Амангелдi Халауденұлы, 1962 жылы туған, Еңбек Қызыл Ту ордендi Сiбiр автомобил жолы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехының шеберi болып бастаған.

1993-2011 жылдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысты, «Реал НГП» ЖШС директоры, «СК Ауыл Газ» ЖШС директоры қызметтерiн атқарды.

2011-2014 жылдары Көкшетау қаласы «ENKI» ЖШС директоры болып iстедi.

2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып iстедi.

2018 жылдың қарашасынан берi — Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары.