• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2019

Павлодарда республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті

617 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі. Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ.

Ақмола облысы бойынша:

Қылшықты өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты Көкшетау қаласындағы жағдай тұрақтанды. ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен су басқан үйлерден және аула аумақтарынан суды сору жұмыстары толық көлемде аяқталды (барлығы 11000 текше метр). Қылшықты өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Изобильное а. гидропостына Ивановка а. ауданында және Көкшетау қ.жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы: 133 адам, 39 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдарынан 3 мотопомпа; 132 адам, 22 бірлік техника, 10 мотопомпа, облыстық ТЖД 3 жүзу құралы, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Шымкент қ.ТЖД келген күштер, 1 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Атбасар ауданында Атбасар қ. № 1 Индустриалды-техникалық колледжі, түзету мектебі аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде (қаптарды төсеу). Сонымен қатар Атбасар қаласындағы темір жол көпірінің астында Жабай өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Мамандар тәулік бойы өзендердің жай-күйіне мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстайды. Жабай өзенінің жағасында ескерту белгілері қойылған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Сілеті су қоймасынан Изобильное а. (Ақмола облысы) гидропостына су ағызудың азаюына байланысты Құлыкөл және Қаратал (Солтүстік Қазақстан облысы) бекеттерінде Сілеті өзеніндегі су деңгейінің 32 см-ге айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Құлыкөл ауылында ұзындығы 4800 метр үйінді нығайту жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар ТЖД тобымен бірлесе отырып, Қаратал және Қайрат елді мекендері арасында Сілеті өзенінің арнасымен кептелістерді аралап, мониторингілеу және тазалау жұмыстарын жүргізді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы: жергілікті атқарушы органдардан 105 адам және 36 бірлік техника; облыстық ТЖД 133 адам, 29 бірлік техника, 14 жүзу құралы және 9 мотопомпа, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл, Павлодар облыстары ТЖД келген күштер мен құралдар, жергілікті полиция қызметінен 12 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Шығыс Қазақстан облысында (Бесқарағай ауданы) 3 жеке тұрғын үй су астында қалды, Солтүстік Қазақстан облысында «М-36» «Екатеринбург-Алматы» (795-856 шақырым) республикалық маңызы бар  автомобиль жолы арқылы 1 рет су жүрді.

Павлодар облысы бойынша:

4 сәуірде сағат 06.10-да Павлодар облысында «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» республикалық маңызы бар жолының 93-138 шақырымындағы жол учаскесі жабылды. Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен қатар су шайып кетуіне байланысты СҚО-да «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар жолдың 795-856 шақырымындағыжол учаскесі жабық  болып отыр. Автокөліктің қозғалысы Рузаевка ауылы арқылы жүзеге асырылады.

Қазгидромет  29 наурыз және 2 сәуірде берген дауылды алдын ала ескертуге сәйкес  жауын-шашынның болуына және ауа температурасының көтерілуіне байланысты 3-5 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің күрт көтерілуі жергілікті таудан су ағып, мұз кептелістері орын алуы ықтимал.

Жауын-шашынның болуына, кей жерлерде күшті болуына байланысты, 3-5 сәуір аралығында Түркістан облысының тау бөктеріндегі аудандарында өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ауа температурасының көтерілуі, жауын-шашын күтіледі деген болжамға байланысты шығыстағы өзендерде жергілікті және таудан су ағып, мұз кептелістері, су деңгейінің тез көтерілуі күтілуде. Оңтүстік-шығыстағы жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Жауын-шашынның, кей жерлерде күшті болуына байланысты Түркістан облысының таулы аудандарында  таудан су ағып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал.