• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Сәуір, 2019

Ғылым. Өндіріс. Бизнес: «Байсерке-Агро» агрохолдингі тәжірибесінде халықаралық конференция өтті

995 рет
көрсетілді

Алматыда Ғалымдар үйінде «Ғылым. Өндіріс. Бизнес: «Байсерке-Агро» агрохолдингі тәжірибесінде аграрлық саланың инновациялық даму жолдары және қазіргі жағдайы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы және «Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығы» ҰАҚ және «Байсерке-Агроның» агрохолдингінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференция ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Темірхан Досмұхаметовтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Темірхан Досмұхаметовтың бастамасымен құрылып, бүгінде өндірістік тәжірибесі әлем елдеріне танылған «Байсерке-Агро» агрохолдингі еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына қомақты үлес қосып келеді.

Пленарлық отырыста ҚР Инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов  қазіргі таңдағы отандық ауыл шаруашылығының еліміз экономикасындағы басты салалардың бірі ретінде әлеуеті зор кешен болып табылатындығына тоқталып,  заманауи технологиялық жетістіктердің ауыл шаруашылығындағы жетісіктері жоғары екендігін атап өтті. Осы бағытта ғылым саласын дамытудың ықпалы жоғары. Өндіріске инновациялық технологияларды енгізу, бәсекеге қабілетті  кәсіби жоғары мамандарды даярлаудың маңызы зор. Ал Алматы облысы Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» агрохолдингі тәжірибесін отандық ауыл шаруашылығының барлық саласында пайдаланудың келешегі зор.

«Байсерке-Агро» агрохолдингі тәжірибесіндегі озық жетістердің агрокешендегі, ғылымдағы нәтижесі туралы ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есболов «Әлемдік деңгейдегі университет: бірегей идеялар; негізгі принциптері мен құндылықтары»  баяндамасында, ал «Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау» баяндамасында академик Әнуарбек Сұлтанғазин («Ғылым қоры» АҚ) бүгінгі жетістіерге кеңінен тоқталды. Биология ғылымдарының докторы, академик Рахым Оразалиев «Қазақстан және Орталық Азияның  іргелес экологиялық аумақтарында бидай сорттарын селекциялық бейімдеу эволюциясы» бағытындағы мәселелерге тоқталды. Ал «Байсерке-Агро» ЖШС базасында Алматы облысы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің интеграцияланған жүйесі мен технологиясын енгізу» мәселесіне биология ғылымдарының докторы, академик Абай Сағитов тоқталып өтсе,  «Ветеринарлық салауаттылықты қамтамасыз етудегі Қазақ ВҒЗИ» тақырыбындағы баяндамасында ветеринария ғылымдарының докторы, академик Ахметжан Сұлтанов ветериналық бағыттағы заманауи қадамдар мен өзекті мәселелері тұрғысында ғылыми тұжырымдарымен бөлісті.