• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Сәуір, 2019

Гүлшара Әбдіқалықова Екібастұзда раушан гүлдерін өсіретін кəсіпорынның жұмысымен танысты

823 рет
көрсетілді

Бүгін жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келген Гүлшара Əбдіқалықова «Green House KZ» ЖШС жылыжай кешенінде болды.

Кәсіпорын 2016 жылы еліміздегі «Самрұқ-Энерго» АҚ-на қарайтын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» стансасы жанынан ашылған.

Гүлшара Әбдіқалықова тұрғындарды жұмыспен қамтуда қосымша өндірістің пайдасын көріп отырған кәсіпорын жанынан ашылған «Green house KZ» ЖШС жылыжай кешенін аралап көрді. Жылыжай 2015 жылы Елбасының еліміздегі ірі кәсіпорындардың жанынан қосымша өндіріс орындарын ашу туралы тапсырмасынан соң ашылды. Қазір кәсіпорында 230-ға жуық адам, оның ішінде 160 әйел еңбек етуде.

Вице-премьер кәсіпорында гүл өсірумен айналысатын әйел адамдар үшін жасалған жұмыс жағдайы туралы сұрап білді.

«Green houseKZ» ЖШС директоры Бауыржан Каменовтың айтуынша, күн сайын кәсіпорында 25 мың Red Naomi гүлдері жиналады.

Жылыжайда Голландияның жергілікті климаттық жағдайға бейімделген озық технологиясы қолданылады. Аумағы 10 гектар жылыжайда раушан гүлдері өсіріледі, қызанақтар «QazTomat» маркасымен шығарылуда.

Өткен жылы жылыжайда 10 миллионға жуық раушан гүлі және 3,6 мың тонна қызанақ өсірілді. Осы өнімнің 7,3 миллион раушан гүлі мен 1980 тонна қызанақ экспортқа шығарылды.

Серіктестік өнімдерін еліміз бойынша сатумен айналысады. Көршілес Алтай өлкесі, Новосібір, Омбыға жеткізілуде.

Жылыжай шыныдан тұрғызылған. Жобаға 3 млрд теңгеден астам инвестиция салыныпты. 

Кәсіпорында голандиялық 2 мың раушан гүлі өсірілуде. Электр қуаты арзан. Стансадан шыққан артық жылу жылыжайға жіберіледі. Алқап 5 мВт энергия көлемін қажет етеді.

Павлодар облысы

Суретті түсірген Валерий Бугаев