• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 06 Сәуір, 2019

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

910 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.