• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

1423 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметі хабарлады.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде бүгін күн  жаңбырлы болады.   

Жауын әсіресе елдің оңтүстік-шығысында мол көлемде жауады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстігі және солтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. 

Ал Жамбыл, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

 Түркістан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.      

Соңғы жаңалықтар