• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2019

Павлодарда Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаев халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

905 рет
көрсетілді

Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы облыс  орталығындағы Цифрлық қызметтер орталығы мен №3 Халыққа қызмет көрсету орталығын аралап көрді.

Осы жерде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиал директоры Ф. Әлімовтың айтуынша, өңірде толық автоматтандырылған жаңа форматтағы бір орталық және оператор мамансыз  17 фронт-офис жұмыс жасайды.

 Орталық күніне 1200 тұрғынға қызмет көрсетеді.

Өткен жылы орталықтарда жалпы «Біріктірілген ақпараттық жүйе» арқылы 444 мың тұрғынға және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 130 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаевқа«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы филиалындағы атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты кеңестердің берілу реті таныстырылды. 

Ал, облыстық «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының мамандары атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің жаңа форматына орай облыс  орталығындағы  үш халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсетуде. 

Олар тұрғындардың сұрақтарына сол жерден бірден жауап береді. Орталықта Гүлшара Әбдіхалықова көп балалы отбасылар мен аз қаматамасыз етілген отбасылардың жағдайына қалай көмек жасалып жатқанын сұрап білді. 

- Бізде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың  өтінішітерін қабылдайтын  бөлім жұмыс жасайды.  Сәуірден бастап 1522 өтініші берді, -  мамандар вице-министрге. – Жыл басынан бері 2900 тұрғын тіркелген.

          

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Валерий Бугаев