• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Сәуір, 2019

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Азия кубогінде ондыққа енді

1027 рет
көрсетілді

Жапонияның Йокогама қаласында үстел теннисінен Азия кубогі өтіп жатыр. Аталған бәсекеге Қазақстан атынан қатысқан Кирилл Герасименко қатысып, 10-шы орыннан көрінді деп жазады Olympic.kz.

Кирилл алғашқы матчта Оңтүстік Корея спортшысын жеңген болатын. Өкінішке қарай, топтық кезеңдегі екі кездесуде 1:3 есебімен әлем чемпионы, қытайлық Фан Жендонг пен Гонконг өкілі Вон Чун Тинге есе жіберді.

Ширек финалға өту үшін Кирилл әлемдік рейтингте 28-ші сатыда тұрған спортшы, үндістандық Сатхиян Гнанасекараннен ұтуы тиіс еді. Алайда, біздің спортшының қарсыласқа шамасы жетпеді.

Осылайша, қазақстандық спортшы үстел теннисінен Азия кубогін 10-шы орында аяқтап отыр.