• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2012

Ерлікті еншілеген ерлер

457 рет
көрсетілді

Ерлікті еншілеген ерлер

Сенбі, 7 сәуір 2012 7:57

Құқық қорғаушылар үшін ең басты талап бейбіт адамдардың берекесін алатын қылмыстың бе­тін ашып, нақақ зардап шеккен­дер­дің конституциялық құқын қамтамасыз етіп, заңдылықты орнату болып табылады. Бұл орайда Астана қалалық ІІД қыз­мет­керлерінің арасында антына адал­дық танытып, адамдардың құқын қорғауда айрықша көзге түсіп жүргендері баршылық. Ал олардың бейбіт күнде жасаған ерлігі елдің ризашылығын тудырып отыр. Мәселен, солардың бірқатары ретінде атар болсақ, таяуда Президент Жарлығымен полиция старшинасы Несіпбек Нәкішов пен полиция аға сержанты Рахат Әбдиев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров жол сақшыларына бұл марапатты салтанатты түрде табыс етті.

 

Сенбі, 7 сәуір 2012 7:57

Құқық қорғаушылар үшін ең басты талап бейбіт адамдардың берекесін алатын қылмыстың бе­тін ашып, нақақ зардап шеккен­дер­дің конституциялық құқын қамтамасыз етіп, заңдылықты орнату болып табылады. Бұл орайда Астана қалалық ІІД қыз­мет­керлерінің арасында антына адал­дық танытып, адамдардың құқын қорғауда айрықша көзге түсіп жүргендері баршылық. Ал олардың бейбіт күнде жасаған ерлігі елдің ризашылығын тудырып отыр. Мәселен, солардың бірқатары ретінде атар болсақ, таяуда Президент Жарлығымен полиция старшинасы Несіпбек Нәкішов пен полиция аға сержанты Рахат Әбдиев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров жол сақшыларына бұл марапатты салтанатты түрде табыс етті.

Мұндай құрметке қос полицей әскери және қызметтік мін­деттерін тиісті дәрежеде атқара алғандығы мен адам өмірін сақ­тап қалуда ерлік пен қайсар­лық­ көрсету арқасында жетті. Бұ­лар сол күні кезекшілікте жүрген. Кенеттен аспанмен астасқан көп қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, үшінші қабатта орналасқан екі пәтерден өрт шыққан кезде отқа оранған үйге демдерін ішке тарта жылдамдата кіріп, ең алдымен балалар мен әйелдерді көрпеге орап шығара бастады. Сонан кейін қалған пәтерлердегі тұрғындарды шыға­рып, ауруханаға жеткізді.

Дәл осы салтанатты жиында Алматы аудандық ІІБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Евгений Голотойстров та гене­рал­дың қолынан награда алды. Ол өткен жылдың шілдесінде қо­ғамдық тәртіпті бұзған қылмыс­тық топтың жолын кескен болатын. Күдікті Евгенийді ауыр жаралап үлгерсе де, полиция қыз­меткері оның адымын ұзартпады. Аса ауыр қылмыскерді құрықтау­да ерлік көрсеткені үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Евгений Голотойстровқа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі табыс етілді.

Сонымен қатар, полиция генерал-майоры А.Әубәкіров па­трульдік полиция полкінің екі қыз­мет­кері – Жәнібек Әбдірәшитов пен Марат Рахымжановқа алғыс жариялады. «Бұл жігіттер полицияда қызмет атқаруға нағыз лайық­ты азаматтар», – деді ІІД басшысы. Себебі, олар да оқалы киімді текке киіп жүрмегендерін дәлел­деді. Күн мұңартып, көңілге мұң ұялап тұрған бір күндері өз мін­деттерін атқарып жүрген олар кө­пір үстінде құлазып тұрған қыз­ды көреді. Мынадай бейуақ сәтте көпірдің жағасына келіп дағда­рып тұру бір қауіптің боларын сездіргендей еді. Сөйткенше бол­ған жоқ әлгі бойжеткен биіктен құлап, мұздай суға құлдилай жө­нелді. Оның соңынан ойланбас­тан секірген полиция қызмет­керлері өз өміріне қол салмақ болған бойжеткеннің суға батуына жол бермей дереу жағаға алып шықты. Әйтпесе, малтуды да біл­мейтін қайран қыз бірден-ақ су түбіне шөгуі мүмкін еді. Азамат­тарды құтқарып қалуда өз өмірін тәуекелге тігіп батылдық таныт­қаны үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі, ІІМ грамотасы мен Астана қаласы ІІД бастығының алғыс хаты табысталды.

Әрине, полицияның негізгі мін­деті қоғамдық орындарда құ­қық тәртібін қамтамасыз ету мен бейбіт адамдарды қылмыскер­лер­ден қорғау екені белгілі. Міне, солардың бірі кешкі уақытта қа­­­ла көше­сін­де патрульде жүрген жол пол­и­циясының қызметкер­лері 5 қабат­ты тұрғын үйден қат­ты жа­рыл­ғыш заттың дыбысын ес­тиді. Тез арада оқиға орнына жеткен олар алдымен тұрғын­дар­ды қау­іп­сіз аймаққа шығарып, төтенше жағ­дай қызметі мен жедел жәрдем шақырады.

Тұрғын үйдегі жарылыс пә­терлердің біріндегі газдың шығу салдарынан болған. Жарылыс тол­қынынан көрші пәтердің қа­быр­ғасы құлап, ол жақтан бала­ның жылаған дауысы естілді. Кез келген әрекеттің қайғылы жағ­дайға соқтыратынын білетін полиция қызметкерлері өртке оран­ған үйге кіріп, жас бала мен қарт әйелді алып шығады. Сонан соң өзге тұрғындарды біртіндеп шы­ға­ра бастайды.

Ал Жұмабаев көшесінің бо­йын­дағы үйлердің бірінде өрт шық­қанда, сол маңда жүрген па­трульдік полиция полкінің қыз­мет­­керлері кіші сержант Мирас Қабдышев, тәжірибеден енді ғана өтіп жүрген Әділет Ысқақов оқи­ға орнына бірінші болып жетті. Оларға патрульдік полиция пол­кінің аға сержанты Талғат Қол­шыбаев қосылды. Сөйтіп полиция қызметкерлері кіреберіс дә­ліз­ге енгенде 5-қабатта лифтінің жанып жатқандығын аңғарды. Әуелі бірден өрт сөндіру, жедел жәрдем қызметін шақырған олар жедел тұрғындарды тысқа шыға­руға кірісті. Өрттің қою түтіні кіреберісті орап, тұрғындардың өміріне қауіп төне бастайды. Сонан батылдық әрекетке барған полиция қызметкерлері тез арада тұрғындарды шырт ұйқыдан оятып, тысқа алып шығады. Өрттің түтінінен 5-қабатта тұратын қа­рия есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері қарияны көте­ріп бірінші қабатқа жеткізіп, дә­рігерлердің қарауына тапсырады.

Міне, астаналық сақшылар­дың мұндай ерлігін айта берсе, адам жаны рухтанып, игі істері­нен нұр­­лана түседі. Ал елорда­лық поли­цейлердің бейбіт күн­дегі ерлік істерінің көбейе түс­кен­дігі де жалпы Астана қаласы­ның ІІД қызметінің жолға қойы­луынан десек, артық айтқандық емес. Мә­селен, Астана қаласы­­ның ІІД жедел басқару орталығы қайта тү­леп, жаңарған және қай­та жарақ­танған мекемеге айналды. ЖБО қайта жасалған жөндеу жұмыс­тарынан соң орталықтың тиімді және қолайлы жұмыс атқаруына барлық жағдай жасалып, өз жұ­мысын әрі қарай же­тілдіруде. Бос орындар қосымша жұмыс тетік­теріне айналып, ком­пьютерлер мен техника жаңартылды.

Бейнебақылау жүйесінің тех­никалық жабдықталуы полиция қызметкерлеріне бейнемониторинг жағдайы және әртүрлі нысандарды бақылауда ғана емес, қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда және интеллектуалды сараптама жүргізуді қолдана отырып, қала инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолұшын береді. Бейнесараптама және бейнебақылау жүйесі кө­ше­лер мен алаңдарды қоса алғанда қоғамдық орындардағы жағ­дай­ды үнемі бақылауға, тоннелдер мен айналма жолды қоса алғанда автокөлік құралдарының қозға­лы­сын бақылау, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеу, қалаға ав­токөліктердің кіру, шығуы мен автомобильдердің көлік ағынын­да жол қозғалысы ережесін бұз­ған, іздеуде жүрген, айдап әкетіл­ген көліктерді анықтауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар «Интегра» интеллектуалды жүйесі іске қо­сыл­са, оның негізгі мақсаты бағдар­шамның тыйым салынған бел­гісі­не өту және жолдың жалпы сызығын қию, қарсы бағытқа шығу, т.б. жол қозғалысы ереже­сін бұзу фактілерін автоматты түр­­де анықтап отырады. Анық­тал­ған ақпараттар процессинг орталығы­на жіберіліп, жол ере­жесін бұзу­шыларға әкімшілік айыппұл тө­лейтіндігі туралы хат­­тамалар жө­нелтіледі. Мәсе­лен, 2011 жылдың 5 қыркүйегі мен 5 желтоқсан аралығындағы «Интегра» интеллектуалды жү­йе­сімен анықталып төленген айыппұл­дың көлемі 22 млн. теңгені құрап отыр.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары адамдардың көп шо­ғырланатын жерлері мен өзінің әкімшілік территориясын бақы­лай алады. Қыл­мыстың орын алуын және құқық бұзушылықты анықтаған жағ­дай­да оқиға орнына арнайы жасақты жіберу үшін топ офицеріне хабар түседі. Қа­зіргі уақытта Астанада қоғамдық орындар мен жол айы­рықта­рын­да, үй аулалары мен ІІО территорияларына қойылған 420 сыртқы камера жұмыс іс­тейді. Осы бей­небақылау жүйесі­нің кө­мегімен өткен жылдың 11 айында 121 қылмыс ашылып, 24 905 әкім­шілік құқық бұзушылық де­регі анықталды. Міне, осылайша елор­далық полицейлердің ісі ты­ныштық пен қауіпсіздіктің үлгі­сі­не айналуда.

Александр ТАСБОЛАТОВ.