- Көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттау, Атырау өңірінің тарихы мен тұлғаларының жарқын бейнесін дәріптеп, жас таланттардың шығармашылығын қолдауды мақсат еткен мүшәйраға 45 жасқа дейінгі ақындар шақырылады, - дейді «Руханият» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Дәулетбаева.
– Жабық мүшәйра болғандықтан, автор туралы ақпарат бөлек конвертте ұсынылады. Екінші конвертте байқауға ұсынылатын өлеңдер бүркеншек есіммен салынуы керек.
Жыр додасына қатысуға ниет білдірген ақындар поэзия падишасы Фариза Оңғарсыноваға арналған және еркін тақырыптағы екі өлеңді agatai_2005@mail.ru электронды мекенжайына («Руханиятқа» деген бұрыштамамен) 15 мамырға дейін жолдаулары тиіс. Байланыс телефоны – 87783869740.
Маусым айында қортындыланатын мүшәйраның бас жүлдесі – 800 мың теңге. Жыр бәйгесіне келіп түскен өлеңдерді елімізге танымал ақындар бағалайды.